«Интернет қайда, Мамин?»: белгілі заңгер Қызылордаға барып байланыссыз қалған

84
Фото: Skifnews.kz

Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасында елімізде әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан интернет мәселесін көтеріп, тағы бір жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Заңгер бұл жазбасында Қызылорда облысына қарасты ауылдардың әлі күнге дейін интернет желісінен тыс қалып отырғанын жазған.

«Интернет қайда, Мамин? Қызылордадан қайтып келе жатып, жолда кез келген ауылдың ішіне кіріп көргім келді. Премьер-министр тарапынан 99 пайыз интернетпен қамтылған деген ақпарат берілген соң, бүкіл ауыл-аймақта интернет ұстап тұр деп ойлайтын шығар Президентіміз! Бірақ бұл ақпарат өтірік. Мысалы мына Екпінді ауылдық округінде тіпті «Е» деген белгі шықпайды. Яғни бүкіл байланыс операторлары ұстамай тұр!», — деп жазған өзінің facebook парақшасында.

Сонымен қатар ол, ауылдағы мектеп маңына барып бұл мәселеге байланысты тікелей эфирге шығып көрмек болған. Алайда, ол маңнан да замана желісіне қосылу мүмкін болмаған.

«Ауыл-аймақты 100% интернетпен қамтып қойдық деген бла-бла әңгімелеріңді мына ауыл тұрғындарына келіп айтсаңдар, күлетін шығар. Балалар қалайша онлайн оқыды екен?» — деп атап өткен өз таңданысын жасыра алмаған заңгер.

Оқи отырыңыз: