Басты бет Қоғам Өңір әкімдерінің көбісі өзін Құдайдай сезінеді – саясаттанушы

Өңір әкімдерінің көбісі өзін Құдайдай сезінеді – саясаттанушы

«Облыс әкімдерінің көпшілігі — бүгіндері жүргізіліп жатқан реформаны аяқтан шалушы басты тежеуші күш. Олар өздеріне сеніп тапсырылған өңірдің толыққанды қожайыны секілді сезінеді. Бәрінен масқарасы, әкімдер деген «бизнесмендер». Осылай деген саясаттанушы Ерлан Сайыров Facebook-те жазба жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

«Олардың жұмыс стилін волюнтаризм мен формализм қатты ерекшелеп тұрады. Шешім қабылдауда волюнтаризмге жол берсе, ал жекелеген адамдардың тағдырына қатысты мәселесін шешуде формальдылыққа ерік береді. Негізінде, іс жүзінде жергілікті мәслихаттар, қоғамдық кеңестер әкімдердің қызметін бақылауы тиіс, ал шынтуайтында, бұл арада, өкінішке қарай, бәрі керісінше, олар әкімді бақыламайды, оған бағынады. Бәрінен сорақысы, әкімдер дегеніміз «бизнесмендер». Әрбір облыс орталығынан, жергілікті тұрғындар «бұл әкімнің бизнесі немесе табыс көзі» деп санайтын екі-үш үлкен нысанды байқауға болады. Сондықтан олардың қандай қызмет түріне көп мән беретіні түсініксіз. Меншікті бизнесіне ме әлде мемлекеттік істерге ме?

Әкім мен оның бизнесі – ел азаматтарының барлық деңгейдегі билікке деген сенімін «девальвацияға» ұшырататын басты нәрсе. Биліктің беделіне орны толмас зиян келтіруде олар.

Облыс әкімдерінің барлығының қызметін тексеру қажет. Облыс әкімі, негізінен, еліміздің біртұтастығы мен бірлігінің нышаны болуы керек. Олардың ел алдында беделі мінсіз болуы керек, сондықтан әкімдердің іс-әрекеттері орталық органдар тарапынан да, қоғам тарапынан да ұдайы бақылауда болуы тиіс», — деп жазды ол.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...