Иран билігі украиналық ұшақты байқаусызда атып құлатқанын мойындады

Фото: pixabay.com

Иран бортында 176 жолаушы мен 9 экипаш мүшесі болған Украинаның Boeing 737 ұшағын байқаусызда атып түсіргенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Иран билігі әскерилері украиналық ұшақты әдейі атпағанын атап өтті. Бұл туралы Иранның Әуе қорғаныс күштері қызметінің мәлімдемесінде айтылды.

Билік болған оқиғаның себебін «адами қателік» деп аталды.

Еске сала кетейік, АҚШ пен Ирак барлау қызметінің өкілдері сәрсенбі күні Тегеранда апатқа ұшыраған украиналық лайнерді Иранның зениттік зымыран жүйелері қателесіп атып жіберуі мүмкін екенін жеткізген.

Украина президенті Владимир Зеленский аталған нұсқаны жоққа шығармайтынын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, Киев оқиғаға байланысты төрт нұсқаны қарастырған: зымыран тию мүмкіндігінен бөлек, қозғалтқыштың жарылуы, дронмен соқтығысу және бортта теракт болуы.

Ұшаққа зымыран тию мүмкін екенін сондай-ақ, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо және Британия үкіметінің басшысы Борис Джонсон да мәлімдеген болатын.

Алайда Иран азаматтық авиация ұйымының басшысы Али Абедзаде Тегеран түбінде құлаған украиналық ұшаққа зымыран тиюі мүмкін нұсқаны жоққа шығарған. Ол бұл нұсқаны «ақылға қонымсыз» деп тапқан.

Оқи отырыңыз: