Басты бет Әлем Иран коронавируске байланысты ондаған мың адамды түрмеден босатты

Иран коронавируске байланысты ондаған мың адамды түрмеден босатты

Иран билігі коронавирустың тарауына байланысты 70 мыңға жуық тұтқынды қамаудан босатты. Бұл туралы елдің сот билігінің басшысы Ибрагим Раиси айтты. Соңғы бір тәулікте Иранда коронавирус салдарынан тағы 43 адамның қайтыс болғаны хабарланды, деп жазады centralasian.org.

— Қауіпсіздікке қатер төндірмейтін жағдайда… қамауда отырғандарды босату жалғасады, — деді Раиси 9 наурызда. Қамаудан босатылғандар түрмеге қашан оралады әлде билік оларды біржола босатты ма – шенеунік ол туралы ашып айтпады.

Иран денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур елде вирус жұқтырғандар саны 595 адамға көбейіп, қазіргі кезде дертке шалдыққан 7161 адам барын хабарлады. Ол жариялаған ресми мәліметте коронавирустан елде 237 адам қайтыс болғаны айтылған. 9 наурызда Иранның жоғарғы басшысы аятолла Әли Хаменеидің кеңсесі коронавирусқа байланысты биылғы Наурыз мейрамында Хаменеидің жұрт алдына шығып сөйлемейтінін хабарлады.

«Жыл сайын қасиетті Имам Реза кесенесінде өтетін жоғарғы басшының сөз сөйлеу рәсімі… биыл өтпейді» делінген Хаменеи кеңсесі таратқан хабарламада. Бұған қоса осы мешіт орналасқан Мешхед қаласына да аятолланың бармайтыны белгілі болды.

Иран билігі елдегі мектептер мен университеттерді жауып, мәдени шаралар мен спорт жарыстары өтпейтінін хабарлаған. Коронавирустың таралуын тежеу мақсатында елде жұмыс уақыты да қысқартылған. Сарапшылар Иран билігі коронавирус жұқтырғандар санын азайтып көрсетіп отыруы мүмкін деп сезіктенеді.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сатынан алынды

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...