Басты бет Қоғам Ішкі істер министрлігі Армениядан көлік сатып алғандардың қулығын әшкереледі

Ішкі істер министрлігі Армениядан көлік сатып алғандардың қулығын әшкереледі

Ішкі істер министрлігінің мамандары Арменияға барып, қазақстандықтардың көлікті қалай сатып алғанын білді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрдің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, Армениядан шамамен 22 мыңнан астам көлік жеткізілген. Қазақстандықтар сол көліктерді сатып аларда ортақ тәртіпті бұзып жатқанын білген.

«Қазіргі кезде біздің мамандарымыз Арменияға кім барғанын және көлікті қалай сатып алғанын зерделеп жатыр. Осы орайда маңызды бір мәселені айта кетейін. Бүгінде көлік алғандар өз наразылығын білдіріп жатыр. Не істеп жатқанымызды білмедік дейді. Өкінішке қарай, олай емес», — деді Қожаев астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, министрлік өкілдері армян әріптестерімен бірге жұмыс істеп, бір нәрсені анықтаған.

«Қазақстан азаматтары бәрін білді. Ол көліктер тек Армения азаматтарына ғана арналған болатын. Бұл – Еуразиялық экономикалық одақтың талабы», — деп толықтырды министрдің бірінші орынбасары.

Қожаевтың сөзіне қарағанда, қазақстандықтар арзан көліктердің кімге арналғанын біле тұра, сол жерде тұратын азамат ретінде заңсыз тіркеліп, көлікті өз атына аударған.

«Олар өз төлқұжатымен емес, Армения Республикасында тұрақты тіркеуге тұру арқылы көлік сатып алған. Соған заңсыз анықтама жасатқан. Осының өзі бәрін біліп тұрып істегенін көрсетсе керек. Сол арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасын айналып өтеміз деп ойлады. Бірақ олай болмайды», — деп түйіндеді Қожаев.

Ал Қырғызстанда сатып алынған көліктердің саны – шамамен 15 мың дана. Басым бөлігі сенімхатпен сатылған. Ресейден келген көліктер де солай.

«Бүгінде Армениядан келген көліктердің шамамен 10 пайызы – оң жақ рөлді көліктер. Қазақстанға ондай көліктерді кіргізуге рұқсат жоқ. Осы шектеуді енгізгенімізге біраз уақыт болды. Ал техникалық регламентке сай емес көліктерді пайдалануға жол бере алмаймыз», — деп атап көрсетті Қожаев.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...