Басты бет Қазақстан Ішкі істер министрлігі қазақстандық танымал тергеушіге қатысты тексерісті бастады

Ішкі істер министрлігі қазақстандық танымал тергеушіге қатысты тексерісті бастады

Ішкі істер министрлігі бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов пен экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін қараған танымал тергеуші Олеся Кексельге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Азамат Е.И.Нәбиевтің арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның барысында арызданушының дәлелдері тексеріледі. Сотқа дейінгі тергеудің мәліметтері жария етілмейді», — деп хабарлады Қазақстан ІІМ баспасөз қызметі.  

Арыз беруші Ерлан Нәбиев – «Energo» ЖШС директоры, ол бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның ісі бойынша күдікті ретінде жауап беріп жатыр.

«Қылмыстық іс Нәбиевтің арызы негізінде Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексель мен прокурор Бауыржан Ғаббасовқа қатысты азаптау фактісі бойынша тергелуде», — деп адвокат Хамида Айтқалиева Facebook желісінде ішкі істер министрлігі бастаған тергеуді түсіндірді.

Бас прокуратура қызметкерлері қандай күдікке ілінді

Бас прокуратураның қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 146-бабының 1-бөлігі – тергеушінің, анықтаушы тұлғаның немесе олардың рұқсатымен басқа адамның азапталушыдан немесе өзге адамнан ақпарат алу немесе мойындату мақсатында қасақана дене және (немесе) психикалық азап шектіруі бойынша күдікке ілінді.

Кінәлі адамға бес мың айлық есептік көрсеткіш (2019 жылы 1 АЕК – 2525 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе үш жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылып, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Шкарупа ісі

Бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа 2019 жылдың 15 қарашасында сот алдына келді, ол 215 миллион теңгені жымқырды немесе талан-таражға салды деп айыпталып отыр. Анатолий Шкарупаның қамауға алынғаны туралы 2018 жылдың қараша айында белгілі болды.

Ұсталған кезде Шкарупа вице-министр болып бір айдан астам уақыт қана жұмыс істеген еді. Ол бірнеше жыл бұрын Саран қаласының әкімі болған кезде миллиондаған қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді.

2018 жылдың қарашасында сот Қайсар Байдалы мен Ерлан Нәбиевті қамауға алуға санкция берді, тергеу олардың қылмысқа қатысы бар деп санайды.

Олеся Кексель туралы не білеміз

Олеся Кексель бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Тергеу департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған. Ол сыбайлас жемқорлыққа қатысты аты шулы істерді, оның ішінде бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтың, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің және экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін тергеді.

Күрделі сыбайлас жемқорлық істерін тергегені үшін 2017 жылы II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталып, беделді «Алтын Адам» жүлдесінің «Жылдың мемлекеттік қызметшісі» деп танылды.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметін басқарды. 2019 жылдың мамырында қызметінен босатылды.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...