Басты бет Қоғам Денсаулық Іштегі майды кетіру үшін не істеу керек: Диетолог үздік бес тәсілді атады

Іштегі майды кетіру үшін не істеу керек: Диетолог үздік бес тәсілді атады

Жаз мезгілі жақындаған сайын қыз-келіншектер артық салмақтан арылудың жолдарын қарастыра бастайды. Кейбірі жаттығуға мән берсе, енді бірі арықтататын дәрілердің көмегіне сүйеніп әуре, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нәзік жандылардың басым бөлігі іштегі артық маймен алысатыны жасырын емес. Іштегі майды қалай кетіруге болады? Бұл сұраққа Instagram желісіндегі танымал диетолог Нұрила Азизқызы жауап берді.

«Маған хабарласатын қыздардың көпшілігі іштегі майды кетірудің жолдарын сұрайды. Жылдар бойы жиналған майдан әп-сәтте арылу оңай емес. Бірақ дұрыс тамақтану арқылы кез келген мәселенің шешімін табуға болады. Ұмытпаңыздар, дұрыс тамақтану керек! Мысалы, босанғаннан кейін әйелдер іште артық майдың жиналғанын байқайды. «Ішімде бес айлық бала бар сияқты, қампайып тұрады» деп жазатындар көп», — дейді Нұрила.

Төменде диетолог ұсынған артық майдан арылу жолдарын көрсетіп отырмыз:

  1. Таза су ішу.

Адам күніне өз мөлшеріне сай су ішу қажет. Әсіресе, таңғы ас алдында бір шыны су ішкен аса пайдалы. Ал тамақтанғаннан кейін су ішу – іште артық майдың пайда болуына сеп болады. Өзіңізге қажетті су мөлшерін есептеу үшін төмендегі формуланы жаттап алыңыз.

Мәселен, өз салмағыңызды 30-ға көбейтесіз. Егер 60 келі тартсаңыз оны 30-ға көбейткенде 1800 шығады. Демек, сіздің бір күнде ішетін су мөлшеріңіз 1,8 литр. Бұлардың қатарына шай мен компот және өзге де сусындар енбейді.

  1. Дұрыс тамақтану.

Ішке май жинап алғыңыз келсе, дұрыс тамақтанбай жүру жеткілікті. Сол үшін ас мәзіріңізді өзгертіңіз. Көмірсулар, ашытқы мен нан-тоқаш өнімдері іштегі майдың көбеюіне әсер етеді. Сондықтан да, мұндай тағамдардан 1 аптадан бастап бір айға дейін бас тартқан жөн.

  1. Массаж жасау.

Ішіңізге күніне 10 минут массаж жасаңыз. Желіде іштегі майды кетіруге арналған массаждың неше түрін табуға болады. Өзіңізге ыңғайлысын таңдап алған дұрыс.

  1. Жаттығу жасап, дене шынықтырумен айналысу.

Дұрыс тамақтанумен бірге дене қимылымен де айналыссаңыз, сізде міндетті түрде нәтиже болады. Іштегі майды кетіруге арналған жаттығудың түрі көп. Ең тиімдісі – вакуум және планка.

  1. Бүкірейіп жүрмеу.

Бүкірейіп жүретін адамдардың арқа омыртқасы мен сүйектері зақымданып қана қоймай, ішіне май да жиналады екен. Сондықтан, денені тік ұстап жүру керек. Тіпті, тамақтанғанда да бүкіреймей тамақтанған дұрыс.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...

Ақтөбеде сәбилер еңбектеп жарысты

Жеңімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталды, деп жазады inbusiness.kz. Балаларды қорғау күніне Ақтөбеде ерекше шара өтті. Кішкентай бөбектер еңбектеуден жарысты. Шараға қатысуға тілек білдіргендер көп болды. Ал...

«Әл-Иттихад» Бенземаға 100 млн еуро жалақы ұсынған

Саудиялық "Әл-Иттихад" мадридітк "Реал" шабуылшысы Карим Бенземаның ұсынысқа жауап беруін күтіп отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, саудиялық клуб Бенземаға жылына 100...

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалитденов Қазақстан бітімгерлерін Украинға жіберілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін мәжіліс ҰҚШҰ күштері мен құрылымдарына қатысты бірнеше заңды қабылдады....

Елімізде 43 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде

Жаздың алғашқы күндері Қазақстанда ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Кейбір өңірлерде 35 градустан жоғары аптап ыстық болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына...