Үй ауласына бірнеше автопатруль жиналды: Павлодарда түсірілген видео желіні дүрліктірді

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Павлодар облысында кішкентай баланың туған күні отбасылық жанжалмен аяқталды. Көршілер бірнеше рет полиция шақыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Желіде Павлодардағы үйдің ауласында бірнеше автопатруль тұрған сәті түсірілген видео тарады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, 6 желтоқсанда сағат 21.02-де полицияға Чокин көшесіндегі 99 үйде «көршілер шулап жатыр» деген хабарлама келді. Шақыру бір емес, бірнеше рет түскен. Сол себепті ол мекенжайға бірнеше полиция көлігі аттанды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🔝 Автосообщество ПАВЛОДАРА (@kolesa_pavlodara)

Белгілі болғандай, 35 жастағы әйел 12 жастағы ұлының туған күнін тойлаған. Екі досы мен 33 жастағы інісін қонаққа шақырған. Дастархан басында үй иесі мен бірге тұратын 30 жастағы ер адамның арасында жанжал шығады.

Полиция келген кезде олар өздерін агрессивті ұстаған, тәртіп сақшыларының талабын елемеген. Жанжал кезінде кәмелетке толмағандар зардап шеккен жоқ. Істің мән-жайы анықталғаннан кейін, балалар заңды өкілдеріне қайтарылды.

Анықталғандай, ересектер мас болған. Бұл факті бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.

Оқи отырыңыз: