Басты бет Қоғам Үйден жұмыс істейтін қазақстандықтардың жалақысы өзгере ме – министр жауабы

Үйден жұмыс істейтін қазақстандықтардың жалақысы өзгере ме – министр жауабы

Төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан жұмыс істейтін азаматтардың жалақысы қысқармайды, сол күйінде қалады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Бүгінгі таңда барлық кәсіпорын мен мекеме, егер де қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі болса, онда сол режимге көшуге міндетті. Бұл Еңбек кодексінің 138-бабымен реттеледі. Қашықтықтан жұмыс істеуге ауысқан кезде, еңбекақыны төлеу тәртібі өзгермейді», — деді Нұрымбетов астанада өткен брифингте.

Министр қазақстандықтың төтенше жағдай режимі кезінде үйден жұмыс істеуіне мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Жұмыс беруші заңнамаға сәйкес қызметкеріне жағдай жасауға міндетті.

«Жалақысы да атқарылған жұмысына сай ай сайын алып жүрген мөлшерде төленеді», — деп түсіндірді министр.

Нұрымбетов жұмыс берушілерді қызметкерлері алдында әлеуметтік жауапкершілік танытып, еңбек заңын толығымен сақтауға шақырды.

Сонымен қатар, министр қысқартылған жұмыс күніне де тоқталды. Айтуынша, жұмыс берушілер өз бұйрығымен қысқартылған жұмыс режиміне көшуге құқылы. Бұл дегеніміз бір аптадағы жұмыс күндерінің саны азаяды немесе бір күндегі жұмыс сағаты қысқарады. Я болмаса, жұмыс күнімен бірге сағаты да азаюы мүмкін.

«Егер жұмыс күні аптасына бес күннен үш күнге дейін қысқарса, онда азаматтар үш күндік жалақысын алады. Егер бір күнде сегіз сағаттың орнына төрт сағат жұмыс істесе, онда сол төрт сағаттың айлығы төленеді», — деді Нұрымбетов.

Толық емес жұмыс күні Еңбек кодексінің 70-бабымен реттеледі.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...