Басты бет Оқиға Қылмыс Әйелін ұрып өлтірді: Павлодарлық қоғам белсендісі "кісі өлімі" бойынша тергелуде

Әйелін ұрып өлтірді: Павлодарлық қоғам белсендісі «кісі өлімі» бойынша тергелуде

Павлодарда әйелінің өліміне алып келген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша айыпталған парашют спорты федерациясының бастығы, қоғам белсендісі Руслан Феклистов енді «кісі өлтіру» бойынша тергелуде. Қылмыстық істің бабы сотқа дейінгі тергеу барысында өзгертілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ресми сауалға жауап берген тәртіп сақшылары бастапқыда қылмыстық істің кісі өліміне алып келген денсаулыққа қасақана зиян келтіру факті бойынша қозғалғанын мәлім етті.

Кейіннен істі қарау кезінде оны «кісі өлтіру» бабына ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Басында Руслан Феклистовке қатысты 8-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Енді бұл мерзім 8-ден 15 жылға дейін өзгертілді. Полиция өкілдері тергеудің әлі жалғасып жатқанын хабарлады.

Еске сала кетейік, Татьяна Феклистованың өлімі жайлы полиция хабарлаған. Оқиғаның мамыр айының басында дала аэродромы ауданында болғаны айтылды. Полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен оның 42 жастағы күйеуін ұстады.

Оқи отырыңыз:

Фото: Татьяна Феклистованың ok.ru парақшасынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар министрлер мен әкімдерге қарсы петиция бере алмайды

Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар Қазақстандағы петиция институтын реттейтін заңды мақұлдап, қандай мәселелер бойынша петиция беруге болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бүгін сенаттың жалпы отырысында...

«Шекара» спектаклі туралы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық драма театрымен бірге ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшілерінің жауынгерлік қызметі туралы "Шекара" атты спектакль...

Жетісу облысында нәрестені ұрлап кеткен ер адам ұсталды

Жетісу облысында әйелімен ұрсысып қалған ер адам 8 айлық нәрестені тартып алып, жасырын жерде ұстап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.   Тәртіп бұзушы ұсталды. Ал...

Елімізде қандай салық түрі қысқарады: Қаржы министрінің жауабы

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгін мәжіліс кулуарында президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанда қандай салықтарды қысқарту жоспарланып жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Журналистер министрден елде қашан...

Қазақстанда шомылу маусымы аяқталды: 3 айда 200-ге тарта адам суға кетті

Елімізде 31 тамызда суға түсу маусымы аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жаз мезгілінде ведомствоның құтқарушылары судан 136 адамды құтқарды, оның 51-і –...

Джокович жаңа рекорд орнатты

Әлемдік рейтингте 2-орынла тұрған сербиялық теннисші Новак Джокович ерекше жетістікке жетті, деп хабарлайды BasSport.kz. Джокович 47-ші рет "Үлкен Дулыға" турнирінің жартылай финалына шықты. Осылайша ол карьерасын...

Маңғыстау облысында мектеп тапшылығы мәселесі шешілмей келеді

Маңғыстау облысы республикада туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр, деп жазады inbusiness.kz. Соның әсерінен жыл сайын бірінші сынып оқушыларының саны артып келеді. Жаңа мектептердің құрылысы...