«Әйелін темірден іш киім киюге мәжбүрлеген»: Полиция желідегі ақпаратқа пікір білдірді

Фото: pixabay.com

Желіде Түркістан облысында қызғаншақ күйеу әйелін темір сымнан жасалған іш киім киюге мәжбүр еткені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Сәт телеарнасына Сарыағаш аудандық әлеуметтік психологиялық көмек көрсету секторының меңгерушісі Марат Тарахтиев мәлім еткен, деп жазады өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тарахтиевтің айтуынша, Сарыағаш ауданы​ Жібек жолы​ ауылында қызғаншақ күйеу әйеліне​ түнгі ауысымға жұмысқа тек темір іш киім киіп кетуге мәжбүрлеген.

«Әйелін қызғанғаны соншалықты, темірден іш киім тоқып берген тістеуікпен. Жұмысқа кетеді (әйел — ред.), келген соң өзі шешіп алады. Кіші дәретке де бармайды, үлкен дәретке де бармайды. Міне біздің санамыздың өзгергендігі»,- дейді сектор меңгерушісі Марат Тарахтиев.

Бұл оқиғаға қатысты Түркістан облыстық полиция департаменті KAZ.NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, аталған оқиға бойынша ешқандай арыз-шағым түспеген.

Полицейлер Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында тұратын сол отбасымен сөйлескен, тексерген. Алайда ешкім ешқандай шағым айтпаған.

Автор: Эльмира Асқарқызы