Сән заттарын шығаратын әлемдегі ең ірі LVMH трансұлттық компаниясы Франциядағы үш фабрикасынан антисептикалық гелдер шығармақ, деп хабарлайды centralasian.org.
Енді Christian Dior, Guerlain және Givenchy маркасымен косметика шығаратын желілерде микробтардан тазартатын антисептикалар да шығарылатын болады. Мұндай мәлімдемені компания дирекциясы хабарлады.
Бұл шешімді компания президенті Бернар Арно қабылдаған. Сонымен бірге тазалық өнімдері Париждегі 40 ауруханаға тегін таратылмақ. Бір апта ішінде 12 тонна санитайзер шығару жоспарланып отыр.
Дәрігерлер коронавирус жұқтыру қауіпін төмендету үшін қолды сабынмен жиі жуып, санитайзер қолдануға кеңес береді.
Францияда коронавирусты жұқтырғандар саны 5400-ке жетіп, 120 адам қаза тапты.
Оқи отырыңыз:
- Министр кімге сауда орталықтарына кіруге тыйым салынатынын айтты
- Қазақстанда оныншы адам коронавирус жұқтырды
- Үйден жұмыс істейтін қазақстандықтардың жалақысы өзгере ме – министр жауабы
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай—ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз