ҰҚК 35 түрікмен әйелінің шекараны кесіп өтуіне қатысты түсініктеме берді

39
Фото pixabay.com сайтынан алынды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түрікменстанның 35 азаматы отанына жасырын оралды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Centralasia.media» порталында «Қазақстанда қалып қойған 35 түрікмен әйелі отанына жасырын оралды» деген ақпарат жарияланды. Мақала авторы шекара жабық екенін және ол арқылы ешкімді өткізбегенін жазған. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

«Ақтау қаласындағы Түрікменстан консулдығының ресми өтінішіне сәйкес 22 қыркүйекте «Темір баба» өткізу пунктінде сағат 10.05-тен 12.00-ге дейін Түрікменстанның 42 азаматы елден шығарылды. Олардың ішінде 12 ер адам, 28 әйел және 2 бала бар», — деп нақтылады комитет.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың наурызынан бастап түрікмен тарапы коронавируске байланысты мемлекеттік шекара арқылы адамдар мен көліктерді өткізуді біржақты тәртіпте тоқтатқан. Қазақстан тарапынан өткізу пункті жабылған жоқ.

Оқи отырыңыз: