Көкшетауда 3 әйел ер адамды жабылып соққыға жықты — оқиға немен аяқталды

Фото: pixabay.com

Көкшетау қаласында үш әйел ер адамға жабылып, ұрып тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 1 наурыз күні таңғы сағат 06:00 шамасында «102» пультіне қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде төбелес болды деген хабарлама түскен. Оқиға орнына полицейлер барды.

Куәгерлерлерден жауап алу кезінде жанжалға 43 жастағы ер адам мен 38, 41 және 42 жастағы үш әйелдің қатысқаны анықталды. Олардың бәрі бір дәмханада болған.

«Ер адам әйелдер отырған үстелге барған. Сол жерде олардың арасында кенеттен жанжал туындады. Мекеме әкімшілігі оларды далаға шығарып жіберді. Жанжал кезінде әйелдер ер адамға дене жарақатын салған», — делінген ресми хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық Кодексінің 293-бабы 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды