Көкшетауда есірткі қойып кетумен айналысты деген күдікпен ғашықтар ұсталды

Фото: Polisia.kz

Ақмола облысында ғашықтар есірткі қойып кетумен айналысты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Көкшетау қаласының Теміржолшылар паркі ауданында есірткі қойып кетумен айналысты деген күдікпен, 24 жастағы жігітті және оның 22 жастағы сүйіктісін ұстаған.

Қыз бен жігіт есірткінің кезекті партиясын жасыру орнын ұйымдастыру кезінде қолға түскен.

Ер адамды жеке тінту кезінде белгісіз зат (болжам бойынша а-PVP пировалеронның құрылымдық аналогы-синтетикалық есірткі) салынған 27 пакет табылып, тәркіленген.

Бойжеткеннен есірткі жасырылған орынды суретке түсіру және орналасқан жерін жіберу кезінде қолданылатын телефон тәркіленген.

Сондай-ақ, саябақ аумағын тексеру барысында ұсталғандар өздері есірткі жасырған орындарды көрсеткен, ол жерден 3 түйіншек тәркіленген.

«Ұсталғандар көрші облыстан келіп, жақында есірткі жасырушы болып жұмысқа орналасқанын, интернет арқылы хабар алысқан белгісіз адамнан есірткі алғанын айтты. Олар бар болғаны 10 күн жұмыс істеп, құқық қорғау органдарының қолына түсіп отыр», – дейді Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мейрам Жапбасов.

Ұсталғандарға қатысты қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Автор: Азамат Қабетов

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз