Басты бет Оқиға Көкшетауда курстасын құтқару үшін жанталасқан жігіттер жайлы видео таралды

Көкшетауда курстасын құтқару үшін жанталасқан жігіттер жайлы видео таралды

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті оқу орнының алтыншы қабатының терезесінен құлап түсті. Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген видео таралып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Роликтен жастар жігітті ұстап, көтеріп ішке кіргізуге тырысып жатқаны көрінеді. Студент оған қарсылық білдірген секілді. Боғауыз сөздер айтылады.

Жоғары оқу орны оқыс оқиғаның болғанын растады.

«Екінші курс студенті эколог мамандығында оқиды. Ол күтпеген жерден терезені сындырып, құлаған. Курстастары оны кері тартып алу үшін бар күшін салған. Қолдарынан келмеді», — деп хабарлады университет.

Оқу орнындағылар оқиғаға не себеп болғанын білмейді.

Ақмола облысының полиция департаменті 13.15-те белгісіз біреуден болған жайт туралы телефон хабарламасы түскенін атап өтті.

Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Көкшетау қаласының тұрғыны, 2001 жылы туған жас жігіт көпсалалы облыстық ауруханаға жатқызылды. Медициналық мекеме директорының орынбасары Дмитрий Чайковтың айтуынша, жігіт есін біледі.

«Науқас жақ-бет хирургиясы бөліміне түсті. Бет сүйек-орбиталық кешеннің, яғни бет сүйегінің сынуы деген диагноз қойылды», — деп нақтылады Дмитрий Чайков.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...