Көкшетауда жүз шақты үйді су басты

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Көкшетауда нөсер салдарынан жүзге жуық тұрғын үйді су басты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Қазіргі уақытта қалада коммуналдық және құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.

Су жеке тұрғын үйлердің аулалары мен ішіне, сондай-ақ көп қабаттың үйдердің жертөлесіне де кірген.

Қатты нөсер 30 шілдеде кешкі сағат алтыдан кейін басталып, түнімен жауды.

Ресми мәліметке сәйкес, 20 шақты үйді су басқан. Алайда IKomek қызметіне 60-тан астам хабарлама келіп түсті.

Көмек сұраған тұрғындар үйге кірген судың тізеге жеткенін айтқан. Олардың айтуынша, үйдегі тұрмыстық техника мен жиһаз зардап шекті.