Елорда әкімі Алтай Көлгінов қалада азық-түлік өнімдері жеткілікті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Қазір сауда желілерінің қоймаларында әлеуметтік маңызы бар 50 мың тоннаға тарта азық-түлік өнімі бар. Ай сайынғы норма 38 мың тоннаны құрайды, яғни бізде азық түлік қоры жеткілікті. Бұл қоймаларды біз күн сайын толықтырып тұрамыз», — деді Көлгінов онлайн брифингте.
Қала басшысы негізгі өнім түрлерінің бағасын тұрақтандыру үшін тиісті шаралар қолға алынғанын атап өтті. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар арқылы бизнесмендерді, көтерме сауда саудагерлерін қолдау үшін қосымша қаражат бөлінген.
Айта кетсек, бүгінде ел астанасында коронавирус жұқтырғандар саны 17 адамға жетті. Жалпы республика бойынша науқастар саны 32. Оның 15-і Алматыда.
Осыған байланысты 19 наурыз сағат түнгі он екіден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин енгізіледі.
16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды, шектеу шаралары қабылданды.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда балабақшалар да жабылады
- Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылады
- Қазақстан коронавирусқа байланысты транзиттік пойыздарды ел аумағына кіргізбейді
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай—ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз