Жезқазған қаласында Nissan Patrol жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан зейнеткерді қағып кетті. Оқиға бейнебақылау камерасына жазылып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жол талғамайтын көлік қаққан әйел бірнеше метрге ұшып түскен. Видеода зардап шеккен әйел басын бір көтереді де, қайтадан сылқ ете түседі.
Желі қолданушылары жүргізушінің көз алдындағы әйелді көрмегеніне таңғалып жатыр.
Қарағанды облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, жол апаты 27 шілде күні таңғы сағат 09.32-де Жезқазған қаласында болған.
«Ниссан Патрол көлігінің 50 жастағы жүргізушісі Сейфуллин көшесімен келе жатып, 67 жастағы жүргіншіні қағып кеткен. Жол апаты кезінде әйел әртүрлі жарақат алған. Оны дереу ауруханаға жеткізді», — дейді полицейлер.
Қазіргі кезде тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.
Оқи отырыңыз:
- Президенттің туыстары анасының өлімі үшін денсаулық министрін сабаған
- «Президентті мақтаңыз» деді. Бас тарттым» — Зейнеп Ахметова
- Не себепті етпетінен жатуға болмайды: Невролог жауабы