Көлікпен қағып, жолда тастап кеткен: Талғарда болған оқиға видеоға түсіп қалды

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Талғар қаласында 18 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен сәттің видеосы тарады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Видеодан күдікті адам қаққаннан кейін тоқтамай, оқиға орнынан бой тасалағанын көруге болады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Желі қолданушылары оқиғаның Талғар қаласы Менделеев көшесінде болғанын жазды.

«Жігіт жарық қосылмаған көшенің жол жиегімен жүріп келе жатқан. Кінәлі оқиға орнынан қашып кетті. Оның жанында тағы екі жолаушы болды. Сынған алдыңғы әйнекті шығарып, Қарасай батыр көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласына тастап, белгісіз бағытқа қашып кеткен», — деп жазылған видео сипаттамасында.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 25 қазан сағат 20.30-да Талғарда болған. Көлік жүргізушісі Менделеев көшесінің бойымен батыс бағытта келе жатқанда асфальт жиегімен келе жатқан 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факт Талғар аудандық полициясында қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-бабы (жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша тіркелді.

Қазір күдікті ұсталды.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз