Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам ажал құшты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол апаты 23 ақпан күні «Самара – Шымкент» тас жолының 915 шақырымында болды.

39 жастағы «КамАЗ» жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, Volkswagen Sharan көлігімен соқтығысты.

Салдарынан жеңіл көліктің бір жолаушысы жарақат алып, ауруханаға түсті.
Төрт адам оқиға орнында көз жұмды.
Ақтөбе облысының полиция департаменті жүргізушілерден жол ережесін сақтауды өтінеді.
Оқи отырыңыз:
- Қарға көмген: 15 жастағы жасөспірімнің сұмдық қылмысы ашылды
- Алматыда әкім іздеу салған оқушы табылды
- Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Фото Polisia.kz сайтынан алынды