Басты бет Қоғам Дін "Көмектесуге шақырды": терроризм үшін сотталған ер адам ашық сұқбат берді

«Көмектесуге шақырды»: терроризм үшін сотталған ер адам ашық сұқбат берді

Ер адам өзінің жасаған қателегін жастар қайталамаса екен деп отыр. Сол үшін де сұқбат беруге келісіпті, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Архат Талғатұлы (есімі өзгертілген) сауда-саттық саласында жұмыс істейтінін айтты. Оның аяқталмаған арнайы-орта білімі бар. Үйленген, 2 баланың әкесі.

2005 жылы дінге қызығушылық таныта бастапты. Білімді негізінен интернеттен алған.

«2008 жылы көбінесе джихад туралы уағыз айтатын уағызшыны тыңдай бастадым. Джихад жасауға және Кавказ жеріндегі мұсылман бауырларға көмектесуге шақырды. Өзімнің де көмектесуге ниетім болды, алайда діни білімім өте төмен еді», — дейді ол.

2011 жылы шекараны заңсыз өту арқылы Ауғанстан мемлекетіндегі мұсылмандар тұратын Вазиристан жеріне соғысқа бармақ болған. 2011-2015 жылдар аралығында қылмыстық кодекстің 177-бабы 3-тармағы, 330-бабының 2-тармағына (ҚР шекарасын қасақана заңсыз өту) сәйкес қайта бас бостандығынан айырылған.

«Түзету мекемесінде отырған кезімде, жергілікті теолог-мамандар кездесулер ұйымдастырып, көптеген діни сұрақтарға жауап берді. Жай ғана айтып қоймай, кітаптардан дәлел көрсетіп, қателегімді түсінуге көмектесті. Сонымен қатар, жанымда бірге жазасын өтеушілермен сөйлесе отырып, дұрыс жолмен жүрмегенімді білдім. Діни сауатсыздық салдарынан өзім және отбасым көп қиындық көрді», — деп өкінеді ол.

Жазасын өтеп болған соң, 2018-2019 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласының дін проблемаларын зерттеу орталығының теолог мамандары қатысуымен жеке кездесулерде болған. Кездесулер барысында Абу Ханифа мазхабы туралы толық мағлұмат алған.

«Қазіргі таңда дәстүрлі ислам бағытына бет бұрып, Әбу Ханифа мазхабына оралдым. Салт-дәстүрге қарсы келмеймін. Мешітте жамағатпен бірге намаздан кейін Құран тындап, мешіт имамдарымен бірге дұға жасаймын», — дейді ер адам.

Ол өзінің қателегін жастар қайталамаса екен деп отыр. Сол үшін де сұқбат беруге келісіпті.

«Ғаламтордағы «жалған» шейхтардың жиһад туралы үндеулерін елемеуге, шынайы исламға бет бұрып, тек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітінің имамдарынан, Қазақстанда жоғары білім алған теолог, дінтанушы мамандардан кеңес алғандарыңыз жөн»,- деп түйіндеді сөзін.

Материал Нұр-Сұлтан қаласы Дін проблемаларын зерттеу орталығының көмегімен дайындалды.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...