Басты бет Қоғам Білім "Күнделікте" діни насихат жүргізіледі: депутат үкіметке сауал жолдады

«Күнделікте» діни насихат жүргізіледі: депутат үкіметке сауал жолдады

Бүгін, 30 қазан күні парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутат Кеңес Әбсәтіров «Ақжол» фракциясының атынан үкіметке сауал жолдады. Фракция депутаттары «Күнделік» ақпараттық жүйесін тоқтатуды талап етіп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Білім және ғылым министрлігі «Күнделік» жүйесін уақытында толтыруды талап етеді. Ал сайттың өзі дұрыс істемейді. Министрлік бір маңызды мәселені ескерген жоқ — мұғалімдердің барлығы бірдей «Күнделікті» толтырғанда сайт істемей қалады. Жүйе ондай жүктемені көтере алмай қалады. Бұлай болса, оны республика бойынша енгізудің қажеті қанша?», — дейді Әбсәтіров.

Депутаттың айтуынша, ақпараттық жүйедегі ақау салдарынан мұғалімдер күні-түні отырып, «Күнделікті» толтыруға мәжбүр. Ал ауыл мұғалімдері интернет іздеп қалаға барады, я болмаса ұялы телефонына шұқшиып біраз уақыт отырады. Ата-аналар да өз балаларының сабақ үлгерімін уақытында көре алмайды.

«Бүгінде «Күнделікке» 500 сұрау түскенде ақау шыға бастайды. Ал республика мектептерінде 2 миллион 800 мың оқушы бар. Демек қазірдің өзінде ақпараттық жүйе барлық сұрауларды қабылдауға дайын емес», — деп атап көрсетті Әбсәтіров. 

Мәжілісмен ақпараттық жүйеде шығатын жарналамарды да сынға алды. Мәселен, 22 қыркүйекте «Күнделікте» емтиханды сәтті тапсыруға арналған христиан дұғасының жарнамасы жарияланды. Бұдан бөлек, киелі кітап, сөз дұғасы, иконалар, шіркеу мейрамдарының күнтізбесі және тағы басқа жарнама болды.

«Осының өзі білім туралы заңға қайшы. Оған сәйкес, діни насихат пен коммерциялық жарнамаға тыйым салынады. Бұны хакерлер жасаса да, «Күнделіктің» ақпараттық қауіпсіздік деңгейі қандай екенін осыдан-ақ көруге болады», — деді Әбсәтіров.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

СҚО-да жас босанған келіншек нәрестесін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

Солтүстік Қазақстан облысында 28 жастағы әйел өзінің жаңа туған нәрестесін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді. Дүниеге келгеніне бірнеше күн болған шақалақтың денесі өз үйінің...

Коронавирустың құрбандары күн санап артып келеді, — Ж.Бекшин

Коронавирустың құрбандары күн санап артып келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше ажал құшқандардың саны 2800-ге таяған, деп хабарлады «Астана» телеарнасы. Фото pixabay.com сатынан алынды Ресми атауы...

Қордай ауданының тұрғындарынан бір килограмм героин табылды (видео)

Қордай ауданының екі тұрғынынан бір килограмнан астам героин табылды. Ер адамдар уақытша ұстау абақтысына қамалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Фото pixabay.com сатынан алынды https://youtu.be/ke8lkjNuAec Есірткі қылмысына қарсы...

Депутаттар белгісіз заттан уланған баланы еске алды

Мәжіліс депутаттары тұрғын үйлерде құрт-құмырсқа мен тышқандардың көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Осы жәндіктерге қарсы қолданылатын химиялық препараттардан адам өлімі жиілеп кеткен, деп хабарлайды Sputnik...

Ағаділдің өлімі: прокуратура сараптама барысы жайлы айтты

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы Дулат Ағаділдің өліміне қатысты дерек жариялады, деп жазды Sputnik Қазақстан. Фото pixabay.com сатынан алынды "25 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті Ағаділ өліміне...

Ломбардтарды жарнамалаған әртістер мен блогерлер заң алдында жауап береді

Даулы ломбардтардың қызметін жарнамалаған Қазақстандағы танымал тұлғалардан полиция жауап алады. Бұл туралы мәжіліс кулуарында Қазақстан ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді,...

Жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін қылмыстық жаза енгізіледі

Қазақстанда жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін қылмыстық жаза енгізу жоспарланып отыр. Парламент мәжілісі тиісті заң жобасын әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Фото pixabay.com сатынан алынды Мәжілістің...