Басты бет Қоғам Көпбалалы отбасылар жаңа жәрдемақы ала бастады

Көпбалалы отбасылар жаңа жәрдемақы ала бастады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жаңа жәрдемақы төлене бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Биылғы негізгі өзгерістердің бірі — көпбалалы жанұяларға бөлек жәрдемақы енгізілуі. Себебі біздің атаулы әлеуметтік көмекті алып жүрген отбасылардың басым бөлігі – көпбалалы жанұялар. Сондықтан олар үшін атаулы әлеуметтік көмектің бір бөлігін бөлек жәрдемақы ретінде шығарғанды жөн көрдік», — деді Нұрымбетов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, жаңа жәрдемақының басты ерекшелігі сол, ол табысына қарамастан төленеді. Жәрдемақы бала санына қарай ай сайын беріледі. Биыл осы жәрдемақыға республикалық бюджеттен 177 миллиард теңге қарастырылған.

«Қаңтар айында 367 мың көпбалалы жанұяға осы жәрдемақы тағайындалып, қазіргі кезде ол кісілер өздерінің есепшоттарына жәрдемақыны алып жатыр», — деп атап көрсетті Біржан Нұрымбетов.

Жаңа жәрдемақыны төлеу тәртібі:

  • 4 балаға — 42 496 теңге;
  • 5 балаға – 53 127 теңге;
  • 6 балаға – 63 757 теңге;
  • 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...