«Көрпеше төсеп жатқандай»: белгілі заңгер Түркістан облысындағы төселіп жатқан жолдардың сапасыз екенін айтып дабыл қақты

30
Фото: видеодан алынған кадр

Біраздан бері өзінің Facebook парақшасы арқылы Оңтүстік өңірдің кемшіліктері мен шенеуніктердің былығын әшкерелеп келе жатқан белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек тағы бірнеше бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Заңгердің кезекті бейнежазбасында Түркістан облысындағы салынып жатқан жолдар мен асфальттың өте сапасыз әрі жұқа екендігін айтқан. Расында да төселіп жатқан асфальт жамылғысының қалыңдығы бірнеше елі ғана екенін байқауға болады.

«Түркістан облысында биыл сапасыз салынып жатқан жолдар өте көп болып жатыр. Басқару дұрыс болмаса, қызметкерлер білгенін істейді емес пе? Ертең битумсыз салынған жолдар жиналып, тас талқаны шығып жатса кім жауап береді?», — деп жазған өзінің facebook парақшасында.

Сол секілді келесі жазбасында да тура осындай көрініс бейнеленген. Жол жөндеуші жұмысшылардың жер қабатының үстіне битум құймастан асфальт төсеп жатыр. Ал төсеніш қара қабаттың қалыңдығы екі-үш сантиметрдей ғана.

«Түркістан облысының әкімі Шөкеев қайда қарап отыр? — деп сұрамай ақ қояйын!

Салынып жатқан асфальт жолдар сөйлесін, әкімнің жұмысын жолдар арқылы көрсетейін енді!

Ұтып алған компания жауап берсін деулеріңіз мүмкін! Әкімдер откатын алып қойған соң, ешқандай компаниядан жұмысты дұрыс істе деп талап ете алмайды емес пе?

Бір қысқа шыдамайтын жолдар тек біздің елде төселетін шығар ия?», — деп атап өткен жазба авторы.

Түркістан облысының әкімі Шөкеев қайда қарап отыр?- деп сұрамай ақ қояйын!Салынып жатқан асфальт жолдар сөйлесін, әкімнің жұмысын жолдар арқылы көрсетейін енді!Ұтып алған компания жауап берсін деулеріңіз мүмкін!Әкімдер откатын алып қойған соң, ешқандай компаниядан жұмысты дұрыс істе деп талап ете алмайды емес пе?Бір қысқа шыдамайтын жолдар тек біздің елде төселетін шығар ия?

Опубликовано Айгүл Орынбек Воскресенье, 27 сентября 2020 г.

Оқи отырыңыз: