Басты бет Қоғам "Көшіп кеттік...". Өгей әкесінен жүкті болып қалған оқушы қыздың шешесі өз шындығын...

«Көшіп кеттік…». Өгей әкесінен жүкті болып қалған оқушы қыздың шешесі өз шындығын айтты

Өгей әкесінен жүкті болған кәмелетке толмаған қыздың анасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Портал тілшісіне берген сұқбатында әйел оның атынан біреу журналистерге SMS-хабарлама таратып, Facebook-те жалған аккаунт құрғанын айтты.

«Оның үстіне менің екінші күйеуім үлкен қызыма ұрысқаны рас, әлеуметтік желіде менің атымнан тараған жазбада келтірілген деректердің ішінде осыдан басқасының бәрі өтірік. Осыдан кейін менің бұрынғы күйеуімді полицияға шақырып, жауап алынды, ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйге қайтып келген. Ол кінәлі емес екенін айтқан, бірақ содан кейін ол асылып қайтыс болды. Осы жағдайдан соң мені қайын енем үш баламды алып қалып, үйден қуып жіберді. Екінші күйеуім үшеуінің де әкесі болады», — деді назалы ана.

Әлия (аты өзгертілген) жергілікті билік пен полиция араласқаннан кейін ғана ол балаларын қайтарып ала алған.

— Қазір мен қалада туыстарымның үйінде тұрамын. Таяуда Алматы облысы полиция департаменті басшысының орынбасарының қабылдауында болдым. Сөйтіп өз атымнан біреудің көпшіліктен көмек сұрап, желіде жазба жариялағаны туралы арыз жаздым. Шындығында менің не әкімдікке, не полицияға шағымым жоқ. Ең өкініштісі, бұл кісі менің осы трагедияға ешқандай қатысы жоқ кенже қызыммен түскен суретімді желіде жариялап жіберген. Осылай істеуге бола ма?! Оны суреттен танып, құрдастары мазақ етсе, не болады, — деп шағымданады әйел.

Полициядағылар әйелдің арыз түсіргенін растады.

Айта кетсек, алдында әлеуметтік желіде өгей әкесі зорлап, жүкті болып қалған мектеп оқушысы туралы жазба пайда болған. Алматы облысының полициясы бұл фактіні растап, оның 25 желтоқсанда Лепсі ауданында тіркелгенін хабарлаған.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...