Басты бет Оқиға Қылмыс Кәсіпкерді отбасымен қырып салды: БҚО-дағы қылмыстың мән-жайы белгілі болды

Кәсіпкерді отбасымен қырып салды: БҚО-дағы қылмыстың мән-жайы белгілі болды

Батыс Қазақстанда кәсіпкер мен оның отбасының өліміне қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Уральская неделя» басылымының хабарлауынша, 67 жастағы кәсіпкер Александр Запрометов күдіктілерге есікті өзі ашқан.

«Оның жүрек тұсына пышақ сұққан. Мұны көрген ұлы Запрометов оған көмектесуге асыққан болуы керек. Күдікті немесе күдіктілер оған тап береді. Оған бірнеше пышақ жарақатын салған. Алдын ала мәліметке сәйкес, қаскөйлер Запрометовтың ұлымен төбелесіп жатқан кезде анасы дүкен сатушысына хабарласады (Отбасының ауылда азық-түлік сататын дүкені болған – автор). Әйел сатушыға «Бізді пышақтап жатыр» деп айтып үлгеріпті. Осыдан кейін байланыс үзілген», — деп әңгімеледі Петр Георгиевич есімді жергілікті тұрғын.

БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, бұл фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-тармағы «Екі немесе одан да көп адамды өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция департаменті басшысының орынбасары Серік Сүйенбаев бұл қылмыстық іс бойынша әзірге күдіктілер жоқ екенін айтты.

Айта кетейік, БҚО-да кәсіпкер Александр Запрометовты отбасымен бірге өлтіріп кетті. Қайғылы оқиға 14 қаңтар кешке Бәйтерек ауданындағы Янайкино ауылында болған.

Белгісіз біреулер кәсіпкердің үйіне шабуыл жасап, 67 жастағы Александр Запрометов, оның 65 жастағы әйелі және 42 жастағы ұлын өлтірген. Үшеуін өлтіргеннен кейін қаскөйлер үйді өртеп, қашып кетеді. Қазір полицейлер қылмыстың мән-жайын анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...