Басты бет Экономика Қаржы Кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиемен қаржыландыруға 36 млрд теңге бағытталады

Кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиемен қаржыландыруға 36 млрд теңге бағытталады

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры («ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы) «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге жеңілдетілген шағын несие беру үшін 36 миллиард теңге қаржы бағыттауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды MediaWorld.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 31 наурыздағы мәлімдемесінде кәсіпкерлік секторды қолдауға бағытталған бірқатар міндеттер белгіленген. Президент салықтық жеңілдіктер, несиелер бойынша төлемдерді кейінге шегеру, тексерулерге тыйым салу мәселелерімен қатар, кең және сапалы жұмыспен қамту, агроөнеркәсіптік кешенді үздіксіз қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті несиелеуді арттыру қажеттілігін ерекше атап өтті.

Қор 2013 жылдан бері шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламаның қаржы операторы ретінде жұмыс істеп келеді.  Компания 2017 жылдан бері 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағытын іске асыруда.

Осы жылдарда бағдарлама аясында Қор жалпы сомасы 160 млрд теңге болатын 53 мыңнан астам шағын несие берді. Осының нәтижесінде 53 мыңнан астам ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылды.

Қор өзінің несие өнімдері арқылы ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жобаларын түрлі мақсатты бағыттар бойынша қаржыландырып келеді. Нақты айтар болсақ, мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығы, ауыл кәсіпкерлігін дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен сақтау жобалары бар.

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша түрлі мақсаттағы несиенің жылдық сыйақы мөлшері 6%-ды құрайды. Сондай-ақ, тиімді жылдық сыйақы мөлшері 6,7%-дан аспайды.

Несиенің сомасы, жеңілдік мерзімі несие өніміне байланысты әртүрлі болады. Сондай-ақ, Қордың несиелеу шартында аграрийлер қызметінің ерекшелігі, оның ішінде ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымдылығы мен циклділігі ескерілген.

Бағдарламаға ауыл шаруашылығымен және ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіп түрлерімен айналысқысы келетіндер және кәсібін кеңейтуді жоспарлаған азаматтар қатыса алады. Несие алушыларға қойылатын бірқатар талаптар бар. Атап айтқанда, кәсібін енді бастайтын азаматтың кәсіпкерлік негіздерін оқығаны туралы сертификаты болуы тиіс. Несие тарихы жақсы болғаны абзал. Кепілге қоятын мүлкі болуы шарт. Бұдан бөлек, бюджеттік және қаржы ұйымдарының алдында мерзімі өткен берешегі болмауы керек.

Мысалы, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалынан несие алған кәсіпкерлердің 60%-ы бірнеше рет жеңілдетілген несие рәсімдегендер. Солардың бірі — «Тамыр» шаруа қожалығының басшысы Жанғали Ысқақов. Айыртау ауданында тұратын ол мал және өсімдік шаруашылығымен айналысады. Қожалық басшысы 2011 жылдан бері Қормен ынтымақтаса жұмыс істеп келеді. «Еңбек» бағдарламасына қатысқан фермер ауыл шаруашылық техникасын алуға, егін егуге, мал басын көбейтуге несие алған. Былтыр жыл соңында ауыл шаруашылығы техникаларын жаңадан сатып алу үшін тағы несие рәсімдеді. Ол қазіргі уақытта көктемгі егіс науқанына дайындалып жатыр. Малдарын да төлдетіп, қызу қарбалас жұмыстар атқаруда.

Ал, Түркістан қаласының тұрғыны Мұхтар Сапаралиев «Бизнес-Кеңесші» курсын аяқтаған соң өзінің бизнес-жоспарын іске асыруға кірісті. Оның бизнес идеясы — құрылыс саласында қызмет көрсету. Мұхтар кәсібін бастау үшін берген өтінімі мақұлданып, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 9 млн теңге несиені 6 процентпен алды. Несие қаржысына фронтальді жүк тиегіш техникасын сатып алып, іске кірісіп кетті.

Туындаған сұрақтар бойынша облыстардағы филиал менеджерлеріне хабарласуға болады. Қосымша Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарынан да кеңес ала аласыздар.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Мәдениет және спорт министрі Шавкат Рахмоновқа қандай уәде берді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады. Бұл туралы министр Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. "Қазақстан...

Үкімет Ұлттық қорға қайта «қол салмақ»

Соңғы сегіз жылда ондағы активтер 16 млрд долларға қысқарған, деп жазады inbusiness.kz. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев кейбір базалық инфрақұрылымдық және басқа да стратегиялық шығыстарды Ұлттық...

Өзбекстанда өткен Азия чемпионатының соңғы күні ел қоржынына екі медаль түсті

Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте 17 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында семсерлесу мен қылыштасудан Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық додасының соңғы күні Ұлттық құрама қоржынына...

Заңға алғаш рет “қатыгез әрекеттер” түсінігі енді

Енді қатыгез әрекеттер заңмен қудаланады. Аталған өзгерістерді бүгін Сенат депутаттары бір ауыздан мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Түзетулер Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілді. Бүгін...

Биыл полицияға хабар-ошарсыз кеткендер туралы 1600-ге жуық хабарлама келіп түскен

Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қуаныш Ибрашев айтты, деп жазады inbusiness.kz. "Жоғалып кеткен адамдарды іздестіруге қатысты...

Әйгілі Флойд Мейвезермен жұдырықтасқан қазақ боксшысы қайда жүр

1996 жылғы Атланта Олимпиадасында бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Бақтияр Төлегенов пен америкалық Флойд Мейвезер жұдырықтасты. Кейін әлемге даңқы тараған Мейвезерге қарсы қазақ боксшысы айтарлықтай...

Атырау қаласында жасөспірім көпқабатты үйлердің бірінен құлап мерт болды

Атырау қаласында 16 жастағы жасөспірім биіктен құлап көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "2 наурызда сағат 23:30 шамасында...