Кәсіпкерлерге мобильді қосымша арқылы аударылатын ақшаға салық салынады. Үкімет салықтан жалтаратын бизнесті толығымен қадағалауды көздеп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов мәлімдеді.
«Кәсіпкерлерге тұтынушылардан банктің мобильді қосымшасы арқылы түсетін ақша аударымдарының фискализациясы мәселесін шешуге ерекше назар аудару қажет. Қазір біз қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі жақсы қарқынмен дамып жатқанын көріп отырмыз. Бірақ, біздің алдымызда салық төлеуге міндетті кәсіпкерлердің қызметіне толығымен салық салу міндеті тұр», — деді ол қаржы министрлігінің алқа отырысында.
Бұл ретте Смайылов қазіргі таңда қазақстандық кәсіпкерлерге берілген салық жеңілдіктері ескерілуі тиіс екенін атап өтті.
Сонымен қатар, вице-премьер азаматтарға арналған тегін «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын белсенді жарнамалауды тапсырды.
Биыл кәсіпкерлер үшін «Е-салық-бизнес» ақпараттық жүйесін іске қосу өте маңызды. Ол кәсіпкерлерге оңай тіркелуге, салық төлеуге және есепті автоматты режимде тапсыруға мүмкіндік беруі тиіс, — деді Смайылов.
Оқи отырыңыз:
- Боранда көліктерге жол көрсетіп, жүгірген полиция қызметкері: Екі сағаттай жүгірдім…
- «+18 ұятсыз дүниелер жазып…»: Жұлдыз Әбдікәрімова ерекше мәлімдеме жасады
- «Қатты қорқып отырмын»: желіде видео жариялаған 9 жасар қызды не үшін өлтірді