Басты бет Қоғам Күзде коронавирустың екінші толқыны басталуы мүмкін – Вице-министр

Күзде коронавирустың екінші толқыны басталуы мүмкін – Вице-министр

Күзде коронавирустың екінші толқыны келсе, карантиндік шаралар эпидемиологиялық ахуалға байланысты қабылданады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

БАҚ өкілдері вице-министрден күзде коронавирус қайта өршісе, қандай карантиндік шаралар қолға алынатынын сұрады.

«Шын мәнінде, біз күзде коронавирустың екінші толқынын күтіп отырмыз. Бірақ қандай шаралар қабылданатыны сол кездегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты шешіледі. Қандай да бір карантиндік шаралар қолға алынуы мүмкін, алайда ол індеттің таралуына байланысты болады», — деді Бюрабекова министрліктің әлеуметтік желідегі парақшасында өткен тікелей эфирде.

Қазақстанда төтенше жағдай 16 наурызда жарияланды. Режим екі айға жуық уақыт, 11 мамырға дейін созылды.

Төтенше жағдай аяқталғанмен, өңірлерде карантин әлі де сақталған. Облыстар мен қалаларда шектеу шараларының алынуы коронавирус жұқтыру өсіміне байланысты шешіледі.

Соңғы деректерге сүйенсек, республикада барлығы 6751 адамда коронавирус анықталды. Ең көбі Алматы қаласында –  1872, Нұр-Сұлтанда – 1287, Атырау облысында 769 адам тіркеліп отыр.

Бүгінге дейін 3515 адам дертінен айықты, отыз бес науқас қайтыс болды.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

ІІМ: Қазақстандықтар саусақ іздерін тапсыруға міндеттеледі

Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Нұржан Жанабаев дактилоскопиялық тіркеудің міндетті болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Айта кетейік, дактилоскопиялық тіркеу...

Алматыда Халықаралық тау фестивалі өтеді

29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Алматыда Халықаралық Almaty Mount Fest тау спорты фестивалі өтеді. Іс-шараны Дүниежүзілік туризм күніне орай, Алматы қаласының Туризм басқармасы...

Димаш Құдайбергеннің анасы немере баққысы келмейтін енелер жайлы айтты

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева қазіргі таңда келіннің күйеуінің ата-анасымен бірге тұруына ененің әсері көп екенін айтты. "Сарасөз" бағдарламасында Света Айтбаева...

Оқушы автокөлікпен 6 жасөспірімді қағып кетті: оның бесуі жансақтау бөлімінде жатыр

Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында жасөспірім 6 адамды көлікпен қағып кеткен. Оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі білді. Оқиға 21 қыркүйек сағат 17:40 шамасында болған. "10...

Мордовияда 37 адам газдан уланып, ауруханаға жатқызылды

Краснослободск медициналық колледжінде газбен уланғандар саны 37 адамға дейін өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz Мордовия басшысы Артем Здунов Telegram-арнасына сілтеме жасап. Бұған дейін ТЖМ-де 27 адам...

Қазақстандықтар министрлер мен әкімдерге қарсы петиция бере алмайды

Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар Қазақстандағы петиция институтын реттейтін заңды мақұлдап, қандай мәселелер бойынша петиция беруге болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бүгін сенаттың жалпы отырысында...

«Шекара» спектаклі туралы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық драма театрымен бірге ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшілерінің жауынгерлік қызметі туралы "Шекара" атты спектакль...