Басты бет Спорт Бокс Канелоны маған әкелші, кім ол сонша? – Қанат Ислам

Канелоны маған әкелші, кім ол сонша? – Қанат Ислам

Қазақтың орта салмақтағы кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам өзінің Америка үшін емес, тек қазақтарға ғана қызық екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Сын түзелмей, мін түзелмейді. Бүгін барып төр менікі деуге болмайды. Әркімнің өз деңгейі бар. Қыран шыңға қалықтап шықса, жылан өрмелеп шығады. Жетістікке әр адам әртүрлі жолдармен келеді. Алла-Тағалла біреуге бармақтай бақ береді, біреуге оны да бермейді. Бірақ біз соған тырысып жатырмыз. Әрқашан бір қадам қалған кезде, біресе жарақат алдық, артқа шегерілдік. Геннадий Головкинді мемлекет, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қолдап, бүкіл Америкаға оны танытып берді. Оның мықты демеушілері болып, қымбат қарсыластарды бірден сатып ала алды. Кәне, маған сөйтіп мүмкіндік берсе, мен қазір… Канелоны маған әкеші, кім ол сонша? Бокс деген екі адам, екі қол. Ол ұрса, мен ұрам, жығылсам – қайта тұрасың деген секілді нәрсе да. Мен 25 жыл болды бокста жүргеніме. Сол үшін мен жоғары салмақ болсын, төмен салмақ болсын – бәрімен бокстасуға дайынмын. Америкада 20 млн мексикалық тұрады, 10 млн филиппиндік тұрады, латын америкалықтар, украиналықтар мен орыстар көп. Біз ол жерде жоқпыз. Солай ғой. Мен барсам, атақты болсам да, менің қаңқамды сатып алатын халық жоқ ол жерде. Сол үшін мен Америка халқына қызық емеспін. Мен тек қазақтарға ғана қызықпын. Ал енді сені Америкаға көбірек таныту үшін сенің артыңда үлкен демеушілерің болу керек, Дархан мырза секілді үлкен адамдар болуы керек. Қазірден бастап бір жігітке ақша салып, оны ақырын-ақырын дамыту керек. Бүгін барып алып, төр менікі деп айқайлайтын негіз жоқ. Мексикада бокс кештері, күн сайын, апта сайын өтеді. Канело өзінің 30-0 рекордын Мексикада жасап келді. Бір видеосы бар ма? Бірақ әдемі рекордымен оны Америкаға алып келді. Бізде өтіп жатқан бір кеш жоқ. Бір кештің өзін әрең өткізсең, оған мың адам сын айтады, – деді Қанат Ислам.

Қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен IBF әлем чемпионы атағы үшін 5 қазанда Нью-Йоркте жұдырықтасады.

Ал Қанат Ислам (26-0, 21 KO) өзінің келесі жекпе-жегін 26 қазанда Алматыда өткізеді. Оның қарсыласы – намибиялық Уолтер Каутондоква (18-1, 17 КО).

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...