Басты бет Қоғам Карантин кезінде бір отбасы үйдің шатырынан қашты

Карантин кезінде бір отбасы үйдің шатырынан қашты

Екібастұз қаласында карантинге жабылған үйдің тұрғындары шатыр арқылы қашып кетпекші болған, деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, өткен демалыс күндері қалада карантинді бұзған үш адам ұсталды. Мәселен, 34 жастағы ер адам үйдің карантинге жабылғанына қарамастан, бірінші қабаттың терезесінен секіріп, өз көлігімен қашып кетпекші болған. Алайда алысқа ұзаған жоқ. Полицейлер оны ұстап, үйіне қайтарды. Ал көлігін айыппұл тұрағына қойды.

«Мәшһүр Жүсіп көшесі, 61 мекенжайында тұратын отбасы мүшелері шатыр арқылы қашып кетпекші болған. Бұл үй каратинге жабылған болатын. Соған қарамастан, отағасы кәмелетке толмаған қызын қолына алып, шатыр арқылы шығып кетемін деп ойлаған. Келіншегі де бірге болды. Көрші үйде тұратын адам олардың қашқанын камераға түсіріп алған», – дейді полицейлер.

Бүгінде төтенше жағдай режимі мен карантинді бұзғаны үшін әкімшілік хаттама рәсімделді. Енді карантин біткесін барлығы сот алдында жауап береді.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Павлодар облысында төтенше режимді бұзғаны үшін 1 020 адам ұсталған. 96 адам 5-10 тәулікке қамауға алынса, 199 адамға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұдан бөлек, 585 адамға ескерту жасалды. 412 көлік айып тұрағына қойылды.

Оқи отырыңыз:

Фото: әлеуметтік желідегі видеоның скриншоты

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғаны рас па?

Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғандығы туралы ақпарат тарады. Онда мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдағаны айтылған, деп...

Қазақстандықтардың моншаға аз баруына не себеп

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров қазақстандықтардың моншаға аз бара бастағанын айтты. Оның пікірінше, оған азық-түлік бағасымен қоса қызмет көрсетудің де қымбаттауы себеп, деп хабарлайды...

Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 2023 жылдың 3-5 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.   Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қатты аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша,...

“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы италиялық Янник Синнердің неміс спортшыаы Даниэль Альтмайермен “Ролан Гаррос” турнирі екінші айналымы аясында өткізген ойыны 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп...

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...