Қазақстанда карантин режимін бұзған азаматтарға 30 АЕК айыппұл салынады. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Бизнес қауымдастық пен азаматтардың назарын мынаған аударғым келеді: карантин режимін және санитарлық эпидемологиялық талаптарды бұзғаны үшін жеке тұлғалар 30 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауапқа тартылады», — деді Тоғжанов баспасөз мәслихатында.
Ал кәсіпкерлік субъектілеріне 230 АЕК және одан жоғары айыппұл салынады.
Айтуынша, тиісті нормативті құқықтық акті осы аптада қабылданады.
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда екі апталық карантиннің талаптары бекітілді
- Атыраулықтарға 3 миллионға жуық медициналық шприц тегін таратылады
- Елорда күніне арналған барлық іс-шара онлайн режимде өтетін болды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз