Басты бет Қоғам Карантин жағдайында энергетиктер қалай жұмыс істеді

Карантин жағдайында энергетиктер қалай жұмыс істеді

Коронавирус індеті қазақстандық энергетиктердің кәсіби шеберлігін және қолда бар жабдықтың тозығы жеткеніне қарамастан, саланың жоғары ұйымшылдық мүмкіндігін көрсетті.

ТЖ режимі кезінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Екібастұз энергия кешеніндегі кәсіпорындарда КВИ-дің 11 расталған жағдайы тіркелді. Бүгінгі таңда 2 жұмыскер сауығып шықты, 272 адам үй жағдайындағы карантинде. Бұл жерде сөз «Богатырь Көмір» ЖШС, «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС және «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ туралы болып отыр.

Фото: «Самұрық-Энерго» АҚ-ның баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда электр энергетикалық холдинг — «Самұрық-Энерго» АҚ-ның өндіруші, жіберуші және бөліп-таратушы компаниялары штаттық режимде жұмыс істеп, тұтынушыларға электр энергиясын жеткізіп беру және көмір жөнелту жөніндегі өздерінің міндеттемелерін толығымен орындауда. Төтенше жағдай режимі кезінде, 2020 жылғы наурыз — 11 мамыр аралығында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның электр станциялары өндірген электр энергиясының көлемі 4 984 109 мың кВтсағатты, сол кезеңде сатылған көмірдің көлемі 9 462 590 тоннаны құрады. ГРЭС-1, ГРЭС-2 және АлЭС тұтынушыларға 1 млн. Гкал. астам көлемде жылу жіберілуін қамтамасыз етті.

Аяқталған төтенше жағдай режимі кезінде де, бүгіндері жалғасып жатқан карантин жағдайында да энергетикалық кәсіпорындарда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін мүмкін болған шаралардың бәрі қолға алынды. Бұл орайда энергетиктер тұтынушыларды электр энергиясымен, жылумен және жылы сумен қамтамасыз ету жөніндегі өздерінің міндетін толығымен орындау үшін станциялардың штаттық режимде жұмыс істеуін қамтамасыз етті. Енді энергетиктер карантиннен абыроймен өтті деп айтуға болады.

Көмір өндіруші аса ірі кәсіпорын «Богатырь Көмірде» 6500-ден астам адам жұмыс істейді. ТЖ режимі кезінде 251 жұмыскер үй жағдайындағы карантинде болды. Кеншілердің тиянақты жұмыс істеуі арқасында көмірдің өндірілуі мен жөнелтілуі штаттық режимде өтті. Үйде орындай алатын қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуге жіберілді. Жұмыс орнына қауіпсіз жеткізу үшін қосымша 16 автобус жұмылдырылды.

Фото: «Самұрық-Энерго» АҚ-ның баспасөз қызметі

Екібастұз ГРЭС-2-де жұмыс процесінің үзілмеүін қамтамасыз ету мақсатында, қатерлі топқа жататын жұмыскерлердің 12,4%- ін үйде оқшаулау үшін оларға демалыс күндері берілді; персонал жетіспегендіктен және уақытша ауыстыратын адам болмағандықтан, станцияның ауысым бастықтары, сондай-ақ электр цехы мен химия цехы жұмыскерлерінің бір бөлігі үш ауысымды жұмысқа (демалыссыз) көшірілді; персонал үнемі қызмет көрсетуге тиіс осал учаскелер мен жабдықтар айқындалды; жедел жөндеуді жоспарлау жиналыстары қашықтық режиміне көшірілді.

Екібастұз ГРЭС-1-де жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау бағытындағы іс-шаралар әзірленіп, жүзеге асырылуда, «Санитарлық-эпидемияға қарсы кешенді іс-шаралар жоспары» қолданысқа енгізілді. Бүгіндері 90 жұмыскер карантинде жүр. Персоналдың жетіспеушілігі станция жұмысының қуаттылығы мен жұмыс кестесіне әсер етпеді. Бұл жағдай технологиялық процеске де әсерін тигізген жоқ. Өндіру көлемі «КЕГОК» АҚ ЖО ҰДО-ның кестелеріне сай қамтамасыз етілуде.

Фото: «Самұрық-Энерго» АҚ-ның баспасөз қызметі

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның өндіруші компаниясы — «Алматы электр станциялары» АҚ-да (АлЭС) жұмыскерлердің бір бөлігі қаланың сыртында тұрады. Олардың біразы бір күннің ішінде қашықтан жұмыс істеу режиміне көшірілді. Тікелей өндіріспен байланысты және жөндеу жұмыстарымен айналысатын, бірақ қаланың сыртында тұратын жұмыскерлер қалада орналастырылды. Компания олардың үй жалдау шығыстарын өтеді. Карантин мерзімінде, жұмыскерлердің өтініші бойынша, компанияның кәсіподағы барлығы болып 200-ден астам жалға берушімен шарт жасасып, қаржы аударды.

Оқи отырыңыз:

Фото: «Самұрық-Энерго» АҚ-ның баспасөз қызметі

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғаны рас па?

Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғандығы туралы ақпарат тарады. Онда мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдағаны айтылған, деп...

Қазақстандықтардың моншаға аз баруына не себеп

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров қазақстандықтардың моншаға аз бара бастағанын айтты. Оның пікірінше, оған азық-түлік бағасымен қоса қызмет көрсетудің де қымбаттауы себеп, деп хабарлайды...

Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 2023 жылдың 3-5 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.   Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қатты аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша,...

“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы италиялық Янник Синнердің неміс спортшыаы Даниэль Альтмайермен “Ролан Гаррос” турнирі екінші айналымы аясында өткізген ойыны 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп...

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...