Карантинде той жасаған Төреғали Төрәлінің отбасы неге жазаланбады?

197
Фото: әлеуметтік желіден алынды

Тауарлар мен қызметттердің сапасын және қауіпсіздігін қадағалау департаментінің өкілдері карантинде той жасаған Төрағали Төрәлінің туыстарының не үшін жазаланбағанын айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

Департаменттің айтуынша, әншінің әкесі Төрәлі Түлеуханов түсініктеме хат жазған. Ол жерде Фариза Төрәлі мен Дархан Нортаевтың неке қию салтанатының ашық аспанда гольф алаңында өткенін келтірген.

«Той жасау үшін гольф алаңы жалға алынғандығы белгілі болды. 18-ге жуық бір отбасының ғана адамдары мейрамға жиналған. Бұған қоса рәсім 60 минутқа созылып, мерекелік дастархан жасалмаған. Гольф алаңының әкімшілігін жазалауға мүмкін болмады. Себебі аудандық ішкі істер бөлімінде тиісті дәйектемелер табылмады. Құқықбұзушылықты дәлелдейтін айғақтардың жеткіліксіз болуынан бұл іс Алмалы ауданының полиция бөлімшесіне қайтарылды», – деді департамент өкілі Кенжегүл Қонысбаева.

Сонымен қатар департамент өкілдері олар той өткізген мейрамхана иелерімен де сөйлескен.

«Болжалды түрде той өткен мейрамхана иелері әлеуметтік желіде таралған видео мен суреттердегі жиын орнының оларға еш қатысы жоқ екені туралы түсініктеме келіп түсті. Сол күні әнші Төрағали Төрәлі Нұр-Сұлтанға ұшып кеткен. Мейрамхананың видеоға қатысы бар екенін дәлелдеу мүмкін емес болғандықтан шаралар қолданылмады», – деді департамент өкілі.

Оқи отырыңыз: