Басты бет Қоғам Карантиндегі өңір тұрғындарына коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңгеден беріледі

Карантиндегі өңір тұрғындарына коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңгеден беріледі

Қазақстанда төтенше жағдай мен карантин уақытында тұтынушылардың жекелеген санаттары үшін коммуналдық қызметті төлеуді қарастыратын тетік әзірленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Карантин енгізілген өңірлерде әкімдіктер тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына 2 ай бойы ай сайын 15 мың теңгеден жіберіп отырады.

Мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде төлем алушылардың келесі санаттары анықталды:

  • 1, 2, 3 топ мүгедектері;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • көпбалалы отбасылар;
  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;
  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;
  • төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
  • атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.

Төлемді алу үшін тұтынушы ақпараттық жүйелер немесе call-орталық арқылы жеке сәйкестіндіру нөмірін, әлеуметтік дәрежесін және дербес шот деректерін көрсете отырып, әкімдікке өтінім беруі керек.

Әкімдік ұсынылған деректерді тексереді, мәліметтер рас болған жағдайда коммуналдық қызметтер тұтынушысының дербес (абоненттік) шотына қаржы аударады.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Жоқшылықта өсіп едім. Ақыры ұры болдым – Жомарт Ертаев

Сотталып жатқан бұрынғы банкир Жомарт Ертаевқа соңғы сөз берілді. Ол соңғы сөзден бас тартпай, сөйлеп қалды, деп хабарлайды zakon.kz. Тергеу мәліметінше, Ертаев 2011–2017 жылдар ішінде...

Алматыда үйлерге жылу әдеттегіден ерте беріле бастайды

Жылу беру маусымы Алматыда 28 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды zakon.kz. - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, жылыту маусымын бүгін, 28 қыркүйектен бастау туралы шешім қабылдады....

Қызылорда 17 адамға қаланың құрметті азаматы атағы табысталды

Қызылорда күніне арналған мерекелік шаралар легі шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен "Сыр Ана" алаңында қорытындыланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала...

Қытайда Huawei зауыты өртенді (видео)

Қытайдың Дунгуань қаласындағы Huawei компаниясының зауытында ірі өрт болды: жаңа технологияларды тестілеуден өткізетін ғимараттың бір бөлігі отқа оранды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Disclose.tv мәліметінше, Дунгуань қаласындағы...

ҰҚК 35 түрікмен әйелінің шекараны кесіп өтуіне қатысты түсініктеме берді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түрікменстанның 35 азаматы отанына жасырын оралды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Centralasia.media" порталында "Қазақстанда қалып қойған 35 түрікмен әйелі...

Тоқаев Алматыда автокөліктің капотына не жазды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытына барған кезде жаңа автокөліктің капотында естелік жазба қалдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Мемлекет басшысы "Iске сәт! Ақ...

Бадам өзенінен елде жоқ жыртқыш балық шықты (видео)

Шымкентте бөрібалық (пиранья) шықты. Тек Латын Америкасында кездесетін су жәндігін күнгейлік балықшылар Бадам өзенінен аулап алған, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Салмағы екі келіге жуық, ал...