Басты бет Экономика Қаржы Kaspi арқылы ақша аудару: қаржы министрлігі шешім қабылдады

Kaspi арқылы ақша аудару: қаржы министрлігі шешім қабылдады

Қаржы министрлігі қазақстандықтардың ақша аударымдарын тексеруді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы бүгін бірінші вице-премьер – қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың ақша аударымдарын тексеруді, аударымдардан қандай да бір қосымша төлем немесе салық алуды жоспарлап отырған жоқ», — деп атап өтті Смайылов.

Айтуынша, ведомство банктермен бірігіп, қолма-қол ақшасыз төлемдерді іске асыру бойынша ыңғайлы және заманауи инфрақұрылымды дамыту бағытында жұмыс істейді.

Кәсіпкерлік қызметке тоқталған министр оның ашық болуы тиіс екенін атап өтті. Атап айтқанда, кәсіпкерлер заңнамаға сәйкес, фискалды чек беруге, ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті.

«Кәсіпкерлік мақсатта Kaspi-ді пайдалану кәсіпкерлерді бұл міндеттемелерден босатпайды. Чек тұтунышылардың құқығын қорғау үшін өте маңызды», — деді ол.

Вице-премьердің сөзінше, министрлік жедел аударым жасау жүйесін пайдаланатын кәсіпкерлердің табысын әкімшілеу мәселесін пысықтап жатыр. Мәселен, бұл онлайн-касса машиналары мен автоматты түрде толтыру және салық есебін жіберу функционалы бар POS-терминалдарды біріктіру арқылы жүргізіледі. Мұндай пилот келесі жылы Kaspi банкпен бірге өткізілмек.

«Осыған байланысты халыққа алаңдауға еш негіз жоқ», — деп сендірді Смайылов.

Сондай-ақ, ведомство 2020 жылдың 1 қаңтарынан арнайы салық режимдерін қолданатын микро және шағын бизнес 3 жылға салық пен тексерістен босатылатынын еске салды.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Назарбаев әуежайында оқ атылды: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайда абайсызда атылған оқтан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұл оқиға 3 желтоқсанда болған. Алайда ол туралы енді ғана...

ҰҚК «Олимп» букмекерлік кеңсесіне қатысты тергеу жүргізе бастады (видео)

Алматы қаласы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен қалалық прокуратура "Олимп" букмекерлік кеңсесінің әкімшілігіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды...

Қорғаныс министрлігінің штаб батальоны командирі пара үшін сотталды

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен ҚР Қорғаныс министрлігінің "61993 әскери бөлімі" РММ-нің штаб батальоны командирі Н.С.Қойбақовқа қатысты әскери қызметкердің әскери қызметін 1 айға...

Ауыл шаруашылығы министрлігі білім гранттарын бөлетін болды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім беру гранттарының көлемін анықтау жөніндегі функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі, деп хабарлайды zakon.kz ҚР...

Батысқазақстандық әкімдердің әйелдері қонақ күтуден шаршаған (видео)

Іссапармен келген жоғары лауазымды шенеуніктерді қонақ қылып, сый-сияпат көрсетуден шаршаған Батыс Қазақстан облысындағы ауыл әкімдерінің бірі қызметінен кетті, деп хабарлайды Астана телеарнасы. Ал қалған әкімдер...

Елімізде кейбір мұғалімдерге 2,5 миллион теңге сыйақы төленеді

Халықаралық олимпиада, конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған мұғалімдерге үш лауазымдық айлық ақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді. Мәжіліс депутаттары "Педагог мәртебесі" туралы заң...

Жеке куәлікте әке атын жазуға қатысты өзгеріс енгізілді

Қазақстандықтар жеке куәлікті рәсімдегенде екі есімнен тұратын әкесінің атын дефис арқылы жаза алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Депутат Майра Айсинаның айтуынша, бұған дейін екі сөзден...