Басты бет Қоғам Кем дегенде 20 жылға сотталады: бас прокуратура жаңа заң жобасын таныстырды

Кем дегенде 20 жылға сотталады: бас прокуратура жаңа заң жобасын таныстырды

Бас прокуратура педофилия үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге арналған заң жобасын депутаттарға таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, жыныстық қатынасқа қатысты қылмыстар ауыр қылмыс санатына өтетін болады. Ал балаларға қатысты жасалған осындай қылмыстар аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылады. Мәселен, 14 жасқа толмаған балаларға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстар үшін, кем дегенде, 20 жылға бас бостандығынан айырылады. Немесе өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

«Сосын педофилия бойынша айғақтарды бұрмалағаны, жасырғаны үшін, жасырып қана қоймай, білім тұрып, хабарламағаны үшін де жауапкершілік көзделген. Бұл әрекеттер ауыр қылмыстар санатына кіретін болады. Мысалы, интернатта тәрбиеленіп жатқан балаларға қарсы қылмыстарды тәрбиеші жасырған болса, тиісті жауапкершілік болады», — деді Ахметжанов мәжілістің пленарлық отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, осы санаттағы ауыр қылмыстар бойынша татуласуға жол берілмейді. Кінәлі деп танылған адам 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал балаларды зорлағаны үшін жазаның мерзімі 20 жылдан басталады.

«Бұрын балаларды зорлау қылмысы бойынша жаза мерзімі 15-20 жыл аралығында, одан кейін жоғары кете беретін. Енді, тек 20 жыл және өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы болады», — деді Ахметжанов.

Айта кетейік, өзгерістердің бәрі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көрсетілген. Бүгін мәжіліс депутаттары осы құжатты бірінші оқылымда қарады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...