«Кешірім сұрады»: Талғат Мұсабаев мәлімдеме жасады

109
Фото: пресс-служба сената парламента Казахстана

Парламент сенатының депутаты, танымал ғарышкер Талғат Мұсабаев саябақта болған жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Кеше саябақта жолдасым екеуіміз серуендеп жүргенде алдымыздан ит ұстап бір қыз шықты. Ол тура жүгіретін жолмен жүрді. Мен иттің тұмылдырықсыз болғанына ескерту жасадым. Себебі басқа адамдарға қауіп төнуі мүмкін. Соған дөрекі жауап берді. Ол туралы өзі де әлеуметтік желідегі парақшасында жазды», — дейді Мұсабаев.

Ал қыз полицияны шақырғаннан кейін ғарышкер тәртіп сақшыларын күткен.

«Мен жағдайдың мән-жайын түсіндіріп, заң бойынша өзімді қорғауға дайын болдым. Ішкі істер министрлігінің екі өкілі – полицейлер келгеннен кейін қажетті түсініктеме бердім. Арыз жасаған қыз да бәрін айтты. Менің тарапымнан қандай да бір құқыққа қайшы әрекеттер, соның ішінде дене жарақаты туралы шағым болған жоқ. Оған қоса, ол қыз қолын созып, бізден кешірім сұрады», — деп атап көрсетті Мұсабаев.

Сенатор «жұдырық алып жүгіргені» туралы айыптардың еш негізі жоқ екенін мәлімдеді.

Саябақтағы оқиға

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Алина Нұртас Халық қаһарманы, ғарышкер Талғат Мұсабаев қол көтергенін мәлімдеді. Оның айтуынша, кеше хаски тұқымдас итін далаға алып шыққан. Үй жануарына қарғыбау салған. Бірақ тұмылдырық тақпапты. Оны көрген сенатор Мұсабаев айқайлап, ескерту жасаған. Бас кезінде иттің иесі ғарышкерді көрмегендей болып жүре береді.

Сосын дөрекі мінез танытқан ер адамға дөрекі сөзбен жауап қайтарған. Осы кезде танымал ғарышкер оны жұдырықпен иығынан бір ұрған көрінеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @alinanurtas

«Соққыдан қолым жансызданып қалды. Бірден полиция шақырдым. Сол жерде мәселені шешуге кірістік. Бірақ ештеңе дәлелдей алмайтыным белгілі болды. Себебі менің алдымда Талғат Мұсабаев тұр. Оған не айта аламын?», — деп жазды Алина Instagram парақшасында.

Жәбір көрген қыз спорттық киім мен кепке киген ғарышкердің фотосын да жүктеді. Полиция осы оқиға бойынша тексерісті бастады.

Оқи отырыңыз: