Әкім әлеуметтік желіде қазақстандықтардан көмек сұрады

91
Фото: pixabay.com

Алматының Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов әлеуметтік желі арқылы қала тұрғындарынан 14 жастағы оқушыны іздеп табуға көмектесуді өтінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

2005 жылғы Шерхан Тұрмаханбетұлы Кунту Алматыдағы мектептердің бірінде 8 сыныпта оқиды. Ол 20 ақпан күні сағат түскі 14:30-да үйден шығып, сол күйі оралмаған.

Баланың бойы – 1.50 см, шашы қара, арықша келген. Үстінде қара куртка, қара бас киім, джинс шалбар, аяғында көк кроссовка, қолында қара түсті сөмке болған.

View this post on Instagram

ҚҰРМЕТТі ТҰРҒЫНДАР ІЗДЕУ САЛЫНАДЫ❗❗❗ Кунту Шерхан Тұрмаханбетұлы. 2005 ж.31.10. 8 б Сынып оқушысы. 20.02.2020. 14: 30 үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмаған. Бойы: 1.50 см, Шашы қара , қара Куртка, джинсы, көк кроссовка, қолында қара түсті сөмке. Қандай да бір ақпарат болса жазуларыңызды сұраймыз! Осы постты репост жасауларыңызды сұраймын! ————————————————— ПРОПАЛ РЕБЁНОК ❗❗❗ Кунту Шерхан Тұрмаханбетұлы. 31.10. 2005г. Ученик 8 класса. 20.02.2020 В 14:30 ВЫШЕЛ ИЗ ДОМА И НЕ ВЕРНУЛСЯ до настоящего ВРЕМЕНИ. РОСТ: 1.50 ХУДОЙ, СВЕТЛЫЙ, ВОЛОСЫ: ЧЕРНЫЕ КОРОТКИЕ, Одет: Черная Куртка, черная шапка, джинсы, КРОСОВКИ СИНИЕ, НА РУКЕ СУМКА ЧЕРНОГО цвета. Прошу максимальный репост данного поста ! Просим Вашей помощи @volontery_almaty_lider.kz

A post shared by Maqsat Sákenuly Qiqymov (@kikimov_maksat) on

«Қандай да бір ақпарат болса, жазуды сұраймыз!», — деп көмек сұрады аудан әкімі.

Полициядан бөлек жасөспірімді еріктілер де іздеп жатыр.

Полиция департаменті оқушының жоғалып кеткенін растады.

«Ата-анасы ұлының жоғалып кеткені туралы кеше 21:00 шамасында хабарлады. Арнайы іздеу тобы құрылды. Оның құрамына ювеналды және криминалды полицияның қызметкерлері, учаскелік инспекторлар кірді. Хабарламалар әр жерге жапсырылды, барлық бөлімшеге жіберілді, сауда үйлері мен компьютерлік клубтарға таратылды», — деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды