Басты бет Қоғам Әкім жаңаөзендіктер неге митингке шыға беретінін айтты

Әкім жаңаөзендіктер неге митингке шыға беретінін айтты

Аймақ басшысы Серікбай Трұмов жаңаөзендіктер неге митингке шыға беретінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, Жаңаөзен қаласының тұрғындары жұмыс және Қытай мәселесіне қатысты минингке шыққан. Тұрғындар арасында Қытайға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал жұмыспен қамту мәселесі біртіндеп шешіліп жатыр.

«Жаңаөзен қаласында жалпы жағдай қалыпты. Жыл басында жұмысқа орналасуға қатысты көшеге шыққан азаматтар болды. Облыс әкімдігі мен үкімет байланыс жасап отыр. Қазір «Өзен-Инвест» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын жанынан 350 орындық жұмыс орны ашылды. Одан бөлек, «Таза су» кәсіпорны құрылып, 90 адамды жұмыспен қамтамасыз еттік», — деді Серікбай Трұмов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Әкім 2019 жылдың басынан бері Жаңаөзенде 450 жаңа жұмыс орны ашылғанын атап өтті. Бірақ халықты жұмыспен қамтуға байланысты мәселелер әлі де бар екенін ашық айтты.

«Жаңаөзен қаласында жұмыспен қамтуға байланысты мәселелер бар. Мұндағы азаматтар мұнай саласында жұмыс істегісі келеді. Бірақ Жаңаөзенде 155 мың халық тұрады. Оның ішінде жұмысқа қабілетті адам саны – 77 мың. «Өзенмұнайгаз» компаниясында 15 мың адам жұмыс істейді. Бұл компанияның халықты толық жұмыспен қамтуға мүмкіндігі жоқ», — деді облыс әкімі.

Осы орайда өңір басшысы облыста шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, біраз жұмыс қолға алынғанын айтты.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...