Қазіргі уақытта президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша премьер-министр құрған үкіметтік комиссия өңірге келіп, өз жұмысын бастады. Бұл туралы үкімет басшысының ресми сайтында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен отырыс өтіп, оған президент әкімшілігінің, энергетика министрлігінің, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, жергілікті атқарушы органдардың, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысты.
«Комиссия барлық тараптарды қанағаттандыратын өзара қолайлы шешім қабылдау үшін өзекті мәселелерді жан-жақты және жүйелі түрде қарайды», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауда үкіметтік комиссия өз жұмысына кіріскенін мәлімдеген болатын.
Оған қоса, Qazaq Oil компаниясы орын алған жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.
Автор: Малика Хадид
Оқи отырыңыз:
- Атырау облысында «Теңіз» мұнай кен орнының қызметкерлері наразылыққа шықты – видео
- Ереуілдеушілер Қайрат Нұртастың көлігін артқа қайтарды
- Ақтаудың Ынтымақ алаңында дәл қазір не болып жатыр – видео
Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз