Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының әкімі жер учаскесін бергені үшін заңсыз ақша алған.
«Әкім 400 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталып отыр. Ол қамауға алынған жоқ. Себебі сотқа дейінгі өндірісті тездетіп өткізуге өтініш берді. Тергеу жалғасуда. Соңғы шешімді сот шығарады», — дейді агенттіктің тергеушісі Данияр Биғайдаров.
Фото: видеодан алынған кадр
Оқи отырыңыз:
- 1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ
- Таразда кәсіпкерлердің әкімдікте айғайға басуы шенділерді әбден шошытты
- Болат Бақауов қызмет бабын туысының пайдасына жаратқан — сот
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз