«Кінәлі емеспін»: Шавкат Рахмонов өзін қазақ тілінде таза сөйлемегені үшін сөгетіндерге жауап берді

Фото: Sports.kz

UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмонов журналист Игорь Лазоринге берген сұхбатында қанша тіл білетінін айтты, сонымен қатар, өзін қазақ тілінде таза сөйлемегені үшін сөгетін жанкүйерлеріне жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Маған ағылшын тілінде айтқандарды түсінемін, алайда сөйлей алмаймын. Орыс тілінде де еркін сөйлемеймін. Үш тілді меңгердім және өзбек тілін де білемін. Өзбекстанда туыс өскендіктен өзбек тілінде еркін сөйлеймін. Қазақстанға алғаш келгенде тіпті, қазақ тілін білмедім. Мен өзге елде туғаныма кінәлі емеспін. Маған көп адамдар «сен қазақсың ғой, неге таза қазақ тілінде сөйлемейсің» деп айтады. Оларға Өзбекстанда 15 жыл тұрғанымды, акцент бар екенін түсіндіремін», — дейді Шавкат.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Igor Lazorin (@igorkakdela_official)

Автор: Сәке Қанатұлы

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз