Басты бет Оқиға Қылмыс Кісі өлтіріп, 15 жыл қашып жүрген Өзбекстан азаматы Алматы облысында ұсталды

Кісі өлтіріп, 15 жыл қашып жүрген Өзбекстан азаматы Алматы облысында ұсталды

Алматы облысында адам өлтіргені үшін 15 жыл іздеуде болған Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіргені үшін ұсталған Өзбекстан азаматы қамаудан қашқан, кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген адам болып шыққан.

Қарасай ауданының полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды жүргізу барысында құрамында есірткі заты бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтаған. Аталған дерекке байланысты ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ күдікті есірткілік масаң күйде болған. Ұстау кезінде өзін агрессивті жағынан көрсеткен, ол асүй пышағын алып, өзіне-өзі қол жұмсаймын деп қорқытқан. Алайда, жедел уәкілдер оны бірден бейтараптандырып, Қарасай ауданының полиция басқармасына жеткізген.

Жеке басын анықтау барысында, күдіктінің өзгенің атын пайдаланғаны белгілі болды, себебі алынған фотосурет оның бейнесіне сәйкес келмеген. Дерекқор бойынша саусақ іздерін тексерген тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың Өзбекстан құқық қорғау органдарымен адам өлтіргені және қамаудан қашқаны үшін іздеуде жүргенін анықтады. 1976 жылғы Өзбекстан азаматы 03.06.2005 жылдан бастап іздеуде жүрген. Қамауға алу санкциясы бар қашқын тергеу оқшаулағышына қамалды. Жасалған қылмысы үшін жауапкершілік туралы мәселе шешілгеннен кейін оны Өзбекстан еліне экстрадициялау туралы мәселе шешілетін болады.

Оқи отырыңыз:

Фото: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...

Ақтөбеде сәбилер еңбектеп жарысты

Жеңімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталды, деп жазады inbusiness.kz. Балаларды қорғау күніне Ақтөбеде ерекше шара өтті. Кішкентай бөбектер еңбектеуден жарысты. Шараға қатысуға тілек білдіргендер көп болды. Ал...

«Әл-Иттихад» Бенземаға 100 млн еуро жалақы ұсынған

Саудиялық "Әл-Иттихад" мадридітк "Реал" шабуылшысы Карим Бенземаның ұсынысқа жауап беруін күтіп отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, саудиялық клуб Бенземаға жылына 100...

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалитденов Қазақстан бітімгерлерін Украинға жіберілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін мәжіліс ҰҚШҰ күштері мен құрылымдарына қатысты бірнеше заңды қабылдады....

Елімізде 43 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде

Жаздың алғашқы күндері Қазақстанда ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Кейбір өңірлерде 35 градустан жоғары аптап ыстық болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына...