Басты бет Оқиға Қылмыс Клиенттің көзінше пышақтап тастады (видео)

Клиенттің көзінше пышақтап тастады (видео)

Қостанайда ажырасқан әйелінің соңынан қалмай қойған ері жантүршігерлік қылмыс жасады. Ол сұлулық салонында жұмыс істейтін бұрыңғы келіншегін жұмыс орнында пышақтап тастады, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

— Куәгердің айтуынша сұлулық салонындағы сұмдық оқиға кеше сағат төрт кезінде болған. Әуелі елу екідегі ер азамат әйелді оңаша сөйлесуге шақырыпты. Оған көнбеген соң ішке еніп, клиенттің көзінше маникюр жасайтын шеберді пышақтап тастаған. Кейін өз-өзіне пышақ сермеген.

Илья ПОДОПЛЕЛОВ, КУӘГЕР:

— Айғай-шуды ести сала, алғаш мен жүгіріп бардым. Күдікті бері қарады да, орындыққа отыра кетті. Кеңірдегін қиып жіберген екен. Әйелге алғашқы көмек көрсетіп, дәлізге алып шықтық. Дереу жедел жәрдем шақырттық.

Бұрынғы күйеуінен жапа шеккен қырық жастағы келіншек қазір облыстық ауруханадағы жансақтау бөлімінде жатыр. Көптеген пышақ жарақатын алған. Ал кеңірдегін өзі қиып жіберген бұрыңғы күйеуінің жағдайын дәрігерлер мүшкіл деді.

Ксения ЖЫЛҚЫБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

— Әйелдің денесі мен бетінде көп пышақ жарақаты бар. Ал еркектің мойыны, яғни кеңірдегінен жарақаттанған. Ол қалалық ауруханада жатыр.

Полицейлердің мәліметінше бұрыңғы ерлі-зайыптылар 2013 жылы ресми ажырасқан. Кейін тағы татуласып, бірнеше мәрте араздасып, қосылып жүрген. Ерінен жәбір көрген әйел екі рет полицияға шағымданып та келіпті. Өткен жылы екеуі екі жаққа кеткен. Бірақ күдікті бәрібір сүйіктісінің қыр соңынан қалмаған.

Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚОСТАНАЙ қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ СОЛТҮСТІК БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

— 2013 жылы ресми ажырасқан. Содан бері ол әйелінің қыр соныңан қалмаған. Онымен татуласқысы келген. Бірге тұрмақ болған. Екеуінің ортақ балалары бар. Күдіктінің қызғанышы және бірге тұрмақ болған әрекеті осындай оқиғаға әкелді.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

— Полиция «Адамды қасақана өлтіруге оқталу» және «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сондай-ақ күдікті жансақтау бөлімінде жатқанына қарамастан арнайы күзетке алынды.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...