Комаға түскен Навальный есін жинап, Instagram-да жазба жариялады

93
Фото: instagram/navalny

Алексей Навальный комадан шыққаннан кейін Instagram-да алғашқы жазбасын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

— Сәлем, мен Навальныймын ғой. Сіздерді сағындым ????. Мен әлі өздігімнен ештеңе істей алмаймын, бірақ кеше күні бойы өз еркіммен тыныстай алдым. Өзім дем алдым. Сырттан ешқандай көмек қолданбай, тіпті тамағымдағы клапанды да пайдаланбадым. Ұнады, әрине. Керемет, көп бағаланбайтын процесс. Байқап көруді ұсынамын, — деп жазды ол.

Айта кетсек, 20 тамызда Томскіден Мәскеуге бара жатқан жолда Алексей Навальный ұшақта өзін нашар сезінді. Ұшақ шұғыл түрде Омбыға қонуға мәжбүр болды. Навальный ауруханаға жатқызылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды, ол комаға түсті. Оппозиционерді жақтаушылары оның уланып қалғанын айтады. Бірнеше күннен кейін отбасының талабымен Навальный Берлиндегі клиникаға жеткізілді. 10 қыркүйекте Навальный уланудан кейін өз-өзіне келіп, есін жиды.

Оқи отырыңыз: