Басты бет Қоғам Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге қашан төленеді?

Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге қашан төленеді?

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігі коммуналдық қызметтер үшін 15 000 теңге төлеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, коммуналдық қызметтер үшін берілетін 15 мың теңгеге өтінім қабылдау жұмысы әкімдіктер арнайы жүйені іске қосқаннан кейін ғана басталады.

«Коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу тәртібі ағымдағы жылдың 18 сәуірінде бекітілді. Бүгінгі таңда әкімдіктер өтінімдерді қабылдау үшін call-орталықтар мен ақпараттық ресурстар құру бойынша шұғыл шаралар қабылдап жатыр. Әкімдіктер өтінімдерді қабылдайтын арнайы жүйені дайындағаннан кейін ол жайында жергілікті халықты хабарландырады», — делінген ресми хабарламада.

Министрлік арнайы жүйе барынша қысқа уақыт ішінде әзірленетінін жеткізді. Коммуналдық қызметтер сәуір және мамыр айлары үшін төленеді. Сондықтан өтінім беруге асықпауға  болады. Оған қоса, барлық өтініш мамыр айымен қоса қабылданады.

«Өтінімдер call-орталықтар мен ақпараттық жүйелер арқылы қабылданады. Әкімдіктерге тұтынушының жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесі және есепшоты туралы ақпарат ұсыну қажет», — дейді министрлік мамандары.

15 мың теңгені кімдер алады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу қағидаларын бекіткен болатын. Осығай орай, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ әкімдіктердің ұсыныстары негізінде келесі санаттағы адамдардың коммуналдық қызметтеріне төлем жүргізіледі:

  • 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;
  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар;
  • көпбалалы отбасылар;
  • ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
  • мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
  • атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.

15 мың теңге мөлшеріндегі төлем ай сайын коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың есепшотына (абоненттік шотқа) жіберілетін болады.

Көмек коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен өз атынан шарт жасасқан және карантин енгізілген елді мекенде тұратын көрсетілген санаттардағы адамдарға көрсетілетін болады.

Мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар, көпбалалы отбасылар және қызметiн орындау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына келсек, олардың отбасының бір мүшесінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен шарт жасалған болуы тиіс.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Былтырғы оқиға есіне түсіп кеткен: Көңілдесін ұрып өлтірген атбасарлық сотталды

Атбасарда көңілдесін ұрып өлтірген 35 жастағы ер адам 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Тергеу материалдарына сәйкес, ер адам үйінде ішімдік ішіп...

Жоқшылықта өсіп едім. Ақыры ұры болдым – Жомарт Ертаев

Сотталып жатқан бұрынғы банкир Жомарт Ертаевқа соңғы сөз берілді. Ол соңғы сөзден бас тартпай, сөйлеп қалды, деп хабарлайды zakon.kz. Тергеу мәліметінше, Ертаев 2011–2017 жылдар ішінде...

Алматыда үйлерге жылу әдеттегіден ерте беріле бастайды

Жылу беру маусымы Алматыда 28 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды zakon.kz. - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, жылыту маусымын бүгін, 28 қыркүйектен бастау туралы шешім қабылдады....

Қызылорда 17 адамға қаланың құрметті азаматы атағы табысталды

Қызылорда күніне арналған мерекелік шаралар легі шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен "Сыр Ана" алаңында қорытындыланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала...

Қытайда Huawei зауыты өртенді (видео)

Қытайдың Дунгуань қаласындағы Huawei компаниясының зауытында ірі өрт болды: жаңа технологияларды тестілеуден өткізетін ғимараттың бір бөлігі отқа оранды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Disclose.tv мәліметінше, Дунгуань қаласындағы...

ҰҚК 35 түрікмен әйелінің шекараны кесіп өтуіне қатысты түсініктеме берді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түрікменстанның 35 азаматы отанына жасырын оралды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Centralasia.media" порталында "Қазақстанда қалып қойған 35 түрікмен әйелі...

Тоқаев Алматыда автокөліктің капотына не жазды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытына барған кезде жаңа автокөліктің капотында естелік жазба қалдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Мемлекет басшысы "Iске сәт! Ақ...