Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирусты жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 47 адам іздестіріліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Полиция инфекция жұқтыруы мүмкін деген адамдарды медицина мекемелеріне жеткізу шарасын қолға алды. Біз мұндай адамдарды денсаулық сақтау органдарының тапсырысы бойынша іздейміз. Қазіргі кезде осы санатқа жататын тағы 47 адамның жүрген жері анықталып жатыр», — деді Тұрғымбаев бүгінгі онлайн брифингте.
Осы орайда министр халыққа үндеу жолдап, қазіргі шараларға түсіністікпен қарауды сұрады.
«Қазіргі кезде әлемнің бәрі қатаң оқшаулауда өмір сүріп жатыр. Көп адам болатын жерге бармаңыздар! Үйден шықпаңыздар! Қазіргі кезде тәртіп пен сақтық шараларын сақтаған аса маңызды. Режимді бұзатындар өз өміріне ғана емес, айналадағы адамдарға да, алдымен, жақындарына қауіп төндіреді. Сондықтан полиция мен дәрігерлердің талаптарын қатаң сақтауды сұраймын», — деп атап көрсетті Тұрғымбаев.
Төтенше жағдай және карантиндегі қалалар
Қазақстанда 16 наурыз -15 сәуір аралығында төтенше жағдай режимі енгізілді. Елорда, Алматы және коронавирус көп тіркелген қалалар карантинге жабылды. Өзге өңірлерде де төтенше жағдай режиміне қосымша шектеу шаралары енгізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз:
- Кіші Арал теңізінде екі балықшы батып кетті
- Президент төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге көмектесетінін айтты
- Алматы полициясы: Көліктер айып тұрағына тоғытылады
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай—ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз