Коронавирус: Еліміздің қай аймақтарында карантин режимі күшейтілді

163
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирус инфекциясының таралуына байланысты тоғыз облыста, елордада және Алматыда карантин режимі күшейтілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Күз келе салысымен бүкіл әлемде COVID-19-қа қатысты жағдай нашарлай түсті. Кейбір елдер пандемияның екінші толқынын жариялады, жаңа шектеулер енгізді, тіпті шекараларын жауып тастады.

Қазақстанда жаңа деректер санының өсуі байқалады. Егер тамызда күнделікті коронавирус инфекциясының 50-70 жаңа жағдайы тіркелген болса, онда соңғы күндері күн сайын 100-ден астам ауру жұқтырғандар анықталуда.

Жағдайдың нашарлауына байланысты бірқатар аймақтар карантин шараларын күшейтетіндігін мәлімдеді.

Қазан айының басында коронавирустың салдарынан елдің солтүстік өңіріндегі қалалардың бірінде ғана карантин жарияланды. Кейінірек Солтүстік Қазақстан облысында тағы екі аудан орталығы карантинге жабылғаны белгілі болды, содан бүкіл аймақ карантиннің күшейтілгенін мәлімдеді.

Содан кейін Шымкентте карантин кезекті мәрте 26 қазанға дейін ұзартылғаны белгілі болды.

Бірнеше күннен кейін Атырау облысының бас санитар дәрігері карантин шараларын күшейтетіндігін мәлімдеді. Мұнда базарлар, супермаркеттер, мейрамханалар мен кафелердің жұмыс уақыты қысқартылды. Фитнес орталықтарының, жаттығу залдарының, серуен қайықтарының жұмысы тоқтатылды.

Маңғыстау облысында да карантин қатаңдатылды. Бірқатар мекемелердің жұмыс уақыты қысқартылды, сонымен қатар демалыс күндері қоғамдық көліктер жолға шықпайтын болды.

Карантинді күшейту туралы Нұр-Сұлтан әкімдігі де хабарлады. Көлгінов жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің 60%-ын «қашықтықтан жұмыс істеуге» ауыстыруды, сондай-ақ бірқатар нысандардың жұмыс уақытын қысқартуды тапсырды.

Оңтүстік астананың бас санитар дәрігерінің жарлығымен карантин Алматыда да күшейтілді.

Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында да шектеу шаралары күшейтілді.

Бүгін тағы екі аймақ карантинді күшейтетіндігін мәлімдеді – Қарағанды ​​және Қостанай облыстары.

Оқи отырыңыз: